Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 20 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»1980 жылдан кейін туғандарға зейнетақы берілмейтіні рас па?
Наргиза Ерес sarapshy.info 13/12/2024

1980 жылдан кейін туғандарға зейнетақы берілмейтіні рас па?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Әлеуметтік желілерде «1980 жылдан кейін туғандар мемлекет тарапынан зейнетақы алмайды» деген ақпарат тарады. Бір қызығы, бұл ақпарат 2018 жылдан бастап әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, медиаларда бірнеше мәрте жарияланып келеді. 2024 жылы да халықты алаңдатқан қауесетті Sarapshy.info редакциясы тексеріп көрді.

Бұл мәлімдеме шындыққа жанаспайды

Енді ақпараттың жыл сайын бірнеше мәрте тарауына не себеп болғанын түсініп көрейік.

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне енген өзгеріс нәтижесінде халық арасында түсініспеушілік орын алып, ақпарат бұрмаланды. Бұл ақпарат ынтымақты зейнетақыға қатысты тарады. БЖЗҚ мәліметінше, аталған зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кем дегенде 6 ай жұмыс істегендерге беріледі. 1980 жылы туғандар бұл кезде 18 жаста еді, сондықтан олар 1998 жылға дейін ресми еңбек өтілі болмаған жағдайда ынтымақты зейнетақы алмайды.

Қазақстандағы зейнетақы түрлері

  1. Базалық зейнетақы – бұл мемлекеттен берілетін негізгі зейнетақы. Оның мөлшері адамның жұмыс істеген жылдарына байланысты өседі. Егер адамның жұмыс өтілі көп болса, базалық зейнетақысы да жоғары болады.
  2. Ынтымақты зейнетақы – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар адамдар алады. Егер адам сол уақытқа дейін кем дегенде жарты жыл жұмыс істесе, бұл зейнетақыны алуға құқылы. 1998 жылдан кейін жұмыс өтілі басталғандар бұл зейнетақыны ала алмайды.
  3. Жинақтаушы зейнетақы – бұл адамның өз жалақысынан аударған қаражаты. Жұмыс беруші ай сайын қызметкердің жалақысынан міндетті түрде зейнетақы қорына ақша аударады. Зейнет жасына жеткенде сол қордан ақша төленеді.
  4. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы – арнайы қызметкерлерге (әскери, құқық қорғау органдары) мемлекеттік бюджеттен төленеді.

Қазақстандағы жалпы белгіленген зейнет жасы:

  • Ерлер – 63 жас.
  • Әйелдер – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас;
  •           2028 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас;
  •           2029 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;
  •           2030 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас;
  •           2031 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас.

Cурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
базалық зейнетақы БЖЗҚ мәліметінше Жинақтаушы зейнетақы зейнет жасы манипуляция Ынтымақты зейнетақы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Фактчекинг

«Иран тікұшағы ма әлде сурет пе?» Желідегі бейнежазба қаншалықты рас?

06/03/2026
Біздің сараптама

Қандастарға көші-қон саясаты қаншалықты тиімді?

28/02/2026
Біздің сараптама

Қазақ мұнайының тарихы: байлықтың сатылуы, жекешелендіру, талан-тараж (2-бөлім)

24/02/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.