Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Өзін әлеуметтік желіде «құқық қорғаушымын» деп таныстыратын Талғат Қатауов «педофилия» бабымен сотталды
Редакция жаңалық 22/07/2025

Өзін әлеуметтік желіде «құқық қорғаушымын» деп таныстыратын Талғат Қатауов «педофилия» бабымен сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оралдық қоғам белсендісі Талғат Қатауов «педофилия» бабымен сотталды. Бұл ақпаратты Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі растады.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 21 шілде күні сотталушыға 2,5 жыл түрме жазасын кесті. Қатауовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған.

2024 жылы Талғат Қатауовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Алғашқы кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі («Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау») бойынша іс қозғалған.

«Т. Қатауовқа 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жөнінде сот үкімі шықты. Сот басталғанда оған Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалғаны мәлім болды. Алайда сот процесі өтіп жатқан кезде прокурор 122-бабының 1-бөлігі, яғни он алты жасқа толмаған адамға сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау қылмысы бойынша айып тақты және осы бапқа сай сотталды. Тергеу материалдарын қарағанда оның ісін жеңілдетін және ауырлататын мән-жай анықталмады. Сотта Қатауов өз кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Жәбірленушілер қатаң жаза тағайындауды талап етті. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады Түркістан облыстық соты баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Заманбек Исмаилов.

122-бап. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу

  1. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау  

ҚР Қылмыстық кодексі

Облыстық баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Қатауовтың қылмысы жөнінде Түркістан облысының тұрғындары арыз жазған.

Талғат Тұрсынғалиұлы бұған дейін қоғам белсендісі ретінде танылған. Фейсбук парақшасында өзінен көмек сұраған адамдардың құқығын қорғап, заңгерлік кеңес бергені жөнінде жиі жазды. БҚО-ның Бөкей ордасы ауданында мектеп директоры, аудандық мәслихат депутаты болған. Одан кейін желіде тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасымын деп таныстырған.

фото: Т. Қатауовтың фейсбук парақшасынан

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Ауыр қылмыс БҚО заң Заң бұзушылық Қылмыстық кодекс Орал педофилия Сот Түркістан облысы Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.