Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жыл қорытындысы — 2024: әлеуметтік салада не атқарылды?
Наргиза Ерес sarapshy.info 05/12/2024

Жыл қорытындысы — 2024: әлеуметтік салада не атқарылды?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Үкімет желтоқсан айында салалар бойынша жыл ішінде атқарылған іс-шаралар қорытындысын ұсына бастады.

Биыл бюджеттің басым бөлігі әлеуметтік салаға, үй құрылысына және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына бағытталған.

Үкімет хабарламасында, базалық зейнетақы мөлшері 7%-ға, ынтымақты зейнетақы 9%-ға көбейгенін, барлығы 2,4 млн адам, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 459 мың қатысушысы қамтылғаны көрсетілген. Орташа зейнетақы көлемі 165 мың теңгеден асты. Экономика министрлігі келесі жылы да зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың өсетінін мәлімдеген еді. 

«Ал 2024 жылдың  1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы  85 мың теңгеге дейін артты. 1,8 млн адам, оның ішінде бюджет қызметкерлері қамтылды. 600 мың азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңімен  20%-ға арттыру жалғасуда» — делінген хабарламада.

Тұрғын үй және инфрақұрылым саласында да жыл соңына дейін 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынған, бұл 1 млн-нан астам отбасыны қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар лифтілерді жаңарту және тұрғын үйлердің инфрақұрылымын жақсарту бойынша 200-ден астам жоба жүзеге асырылып жатыр.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы

2024 жылдан бастап іске қосылған бұл бағдарлама Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ын 18 жасқа дейінгі балаларға арнайы жинақтау шоттарына аударуды қарастырады. Жыл басынан бері $695,5 млн есептелді. 18 жасқа толғандарға $30,6 млн төленеді, олар бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалана алады.  Келесі жылдан бастап Ұлттық қордан балаларға берілетін сыйақы мөлшері 100 доллардан асататынын жазған едік. 

Сонымен қатар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 655 медициналық нысанның құрылысы жоспарланып, 251 нысан пайдалануға берілді. Жобаның негізгі мақсаты шалғайдағы ауылдарды сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік болды. Дәрі-дәрмектерді қолжетімді ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу жүйесі цифрланғанын да айтты үкімет.

Білім беру саласында да ауылдық жерлерде заманауи мектептер ашылып, балабақшалар салынды. ЖОО студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін шәкіртақы өсті. Бакалавр стипендиясы 20%-ға, ал педагогикалық және медициналық бағыттағы студенттер үшін 75,6 мың теңгеге дейін артқан. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл құжат алдағы үш жылдағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қаржылық көрсеткіштерін айқындайды.

Негізгі көрсеткіштер:

  • Ең төменгі жалақы: 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 85 000 теңге болып белгіленді.
  • Айлық есептік көрсеткіш (АЕК): 3 932 теңге.
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері: 32 360 теңге.
  • Ең төменгі зейнетақы: 62 771 теңге.
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі: 46 228 теңге.
  • Зейнетақы төлемдерінің өсуі: Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері 8,5%-ға ұлғайтылады.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Ұлттық қор – балаларға» Білім беру саласы Дәрі-дәрмектер Ең төменгі зейнетақы: Ең төменгі күнкөріс деңгейі: Зейнетақы мөлшері Тұрғын үй және инфрақұрылы Үкімет
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.