Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Журналист Кирилл Павловқа қатысты сот ісі шегерілді
Дария Ғұмар жаңалық 15/11/2025

Журналист Кирилл Павловқа қатысты сот ісі шегерілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жалған ақпарат таратты деп айыпталған «Фонд-бюро расследования коррупции» редакциясының негізін қалаушы Кирилл Павловтың ісі 20 қарашаға шегерілді. Бұл туралы ФБРК телеграм-арнасы хабарлады.

«Қостанайға іссапарға келдім. Таңертең полиция мен жалдаған пәтерге келіп, күштеп алып кетті. Енді елден кетуді жоспарламағаным туралы түсініктеме алу үшін басқармаға әкелді», — деп хабарлады айыпталушының өзі.

Полиция Павловтың Қостанайдағы нақты мекенжайын тиісті рұқсат қағазынсыз қалай анықтағаны белгісіз.

Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Кирилл Павловқа тағылған айыпты заңсыз деп таныды.

«Полиция Павловты ешқандай процессуалдық құжат дайындамай қамауға алған, бұл қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан Павловтың ісі бойынша сот отырысын тағайындау туралы хабарлама кейін келіп түсті.

«Әділ сөз» қоры журналист Кирилл Павловтың конституциялық және процессуалдық құқықтарын қатаң сақтауды және құқық қорғау және сот органдарының іс-әрекеттерінің ашықтығына, объективтілігі мен әділдігіне кепілдік беруді талап етеді», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Кирилл Павлов – Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.

Заңгер, депутат Абзал Құспан Павловтың ісіне қатысты пікір білдірді.

«Заңгер ретінде мен Павловтың әрекеттерінен әкімшілік құқық бұзушылық құрамын көріп отырған жоқпын. Сөз бостандығы – әрбір азаматтың конституциялық құқығы. Сот инстанциялары өздерінің тәуелсіздігін көрсетіп, заңға сәйкес қатаң шешім қабылдайды деп үміттенемін», — деді ол.

Таяуда ол ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты айыптаған материалынан кейін өз бостандығына қауіп төнгенін хабарлады. Министрлік журналист сүт өнімдеріне қатысты әдейі жалған ақпарат таратты деген шағым түсірген.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Абзал Құспан Кирилл Павлов Сөз бостандығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.