Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жоғары аудиторлық палата бюджет шығыстарын жоспарлауда кемшіліктер анықтады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 12/09/2024

Жоғары аудиторлық палата бюджет шығыстарын жоспарлауда кемшіліктер анықтады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жоғары аудиторлық палата 2025-2027 жылдарға арналған бюджет шығыстарын жоспарлаудағы кемшіліктерді анықтады.

Мәжілісте «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасының таныстырылымы өтті.

ҚР Жоғары аудиторлық палата мүшесі Ардақ Теңгебаев аталған заң жобасына Жоғары аудиторлық палатаның тиісті қорытындысын ұсынды.

Мұқият жүргізілген талдау шеңберінде мынадай бағыттар қаралған:

  • Халық денсаулығын сақтау
  • «Жайлы мектеп» және «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобалары
  • Республикалық автожолдар салу және реконструкциялау
  • ТЖ алдын алу және жою

Жоғары аудиторлық палатаның мәліметіне сүйенсек, ТМККК желісі бойынша дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру кезінде қолда бар қалдық ескерілмеген. Бұл шамамен 2 млрд теңге сомасында артық жоспарлауды көрсетеді. Жалпы қажеттілікті есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға жоспарланған 152 мектеп бойынша кемшіліктер мен мәселелер анықталды. Іс жүзінде білім ошақтарының құрылысы әлі басталмаған, өйткені жобалау-сметалық құжаттар толық бекітілмеген. Конкурстық рәсімдер толық аяқталмай отыр. Сонымен қатар барлық объектілерге жер бөлінбеген. Бірінші кезеңдегі мектептерде де осындай проблемалар бар.

«Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасының кейбір тармақтарын орындауда оның өзектілігіне талдау жүргізілмеген. Мәселен, Цифрлық даму министрлігінің бюджеттік бағдарламасы бойынша интернет жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с болатын МЖӘ жобаларын іске асыру көзделген. Бұл ретте Ұлттық жоба бойынша азаматтарды кемінде 100 Мбит/с жылдамдықтағы интернетке қосумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұндай сәйкессіздік жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге әсер етуі мүмкін.

Жоғары аудиторлық палатаның бағалауына сәйкес мемлекеттік кепілдікпен берілетін қарыздар есебінен республикалық автожолдар салу және реконструкциялау жобаларының басымдылығы тікелей және жанама әлеуметтік-экономикалық әсерді бағалауды ескере отырып айқындалуы тиіс. Алайда бүгінде мұндай ақпарат жоқ. Сонымен қатар бекітіліп қойған жобаларды іске асыру мерзімінің кешіктірілуі байқалады. Яғни, орташа нормативтік ұзақтығы 3 жыл бола тұра, құрылыс іс жүзінде 5-6 жылға созылады.

ТЖ алдын алу және жою саласында негізгі проблемалардың бірі – орман мекемелері мен басқа да бейінді ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейінің төмендігі. 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасында мәселені қаржы лизингі механизмі арқылы шешу ұсынылған. Алайда ол бюджет заңнамасымен тікелей реттелмеген. Бұл бюджет қаражатын заңсыз пайдалану қаупін тудырады.

«Жалпы 4,6 трлн теңгені қамти отырып, талдау қорытындысы бойынша 117 млрд теңгені қайта бөлу, 12,2 млрд теңгені қосымша қарастыру, 3 млрд теңгені оңтайландыру ұсынылады», — деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палатадан.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы 2024 Ардақ Теңгебаев Жоғары аудиторлық палата ҚР
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.