Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жоғарғы сот БҚО теннис мектебін сенімгерлік басқаруға беру процесін заңсыз деп таныды
Наргиза Ерес sarapshy.info 02/12/2024

Жоғарғы сот БҚО теннис мектебін сенімгерлік басқаруға беру процесін заңсыз деп таныды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысы прокурорының ұсынысымен Жоғарғы сот облыстық теннис мектебін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдерді заңсыз деп таныды.

Жоғарғы сот прокуратураның пікірін дұрыс деп тауып, жергілікті соттардың шешімдерін өзгерткен. Себебі әкімдік облыстық мәслихаттың келісімін алмаған. Мәслихат қарауына жіберілмеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) туралы келісім бюджеттік заңнаманы бұзған.

Құжаттағы негізгі кемшіліктер:

  • МЖӘ келісімі мемлекеттің 900 миллион теңгеден астам қаржылық міндеттемелерін қарастырған, бірақ жоба-жоспар мәслихатта талқыланбаған;
  • Жобада жеке кәсіпкердің үлесі небәрі 5%-ды құраса, мемлекеттің үлесі 95%-ға жеткен. Бұл мемлекет мүдделеріне және Қазақстан Президентінің МЖӘ бойынша әділдік принциптеріне қайшы келді.

Нәтижесінде облыстық теннис мектебі мемлекеттің құзырында қалды. Жоғарғы сот нысанды сенімгерлік басқаруға беру процесінің заңсыз болғанын және мемлекеттің экономикалық мүдделеріне зиян тигізгенін растады.

Бірнеше жылға созылған дау-дамай

2022 жылы қазан айында Оралдағы теннистен облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі «БҚО теннис» ЖШС-ның басшысы Юрий Ткалунға сенімгерлік басқаруға берілді.

2023 жылы сәуір айында Орал қаласындағы теннис кешенін сенімгерлік басқаруға беру мәселесін облыстық мәслихат депутаттары талқылады. Депутаттар бұл нысанның мемлекет меншігінде қалуын талап етті. Теннис мектебінің әлеуметтік маңызы бар кешен екенін алға тартқан. Балалар тегін пайдаланатын мүмкіндікті жіберіп алмау керек екенін де мақсат етті.

Спорт нысаны 2016 жылы Қарашығанақ кен орнының облысқа әлеуметтік жобаларға бөлінетін қаржысына салынған. Жобаға 1,6 млрд теңге жұмсалған.

Сурет: tdk42.kz

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
БҚО теннис мектебі Жоғарғы сот Қарашығанақ кен орны облыстық мәслихат депутаттары Сенімгерлік басқару Спорт нысаны
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.