Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Жаңа бюджет кодексіне қандай өзгерістер енгізілді?
Наргиза Ерес sarapshy.info 04/12/2024

Жаңа бюджет кодексіне қандай өзгерістер енгізілді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 4 желтоқсан ҚР Парламент Мәжілісінде жаңа бюджет кодексіне Ұлттық қор қаражатын шектеу, жергілікті бюджет кірісін ұлғайту және мемлекет қаржысына бақылауды күшейту бойынша өзгерістер енгізіліп, Сенат қарауына жіберілді.

Өзгерістерді енгізу кезінде негізгі басымдық қаражатты игеруге емес, нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталды. Шешімдер ЖІӨ-ге, инвестицияларға және бюджетке әсері, яғни экономикаға ықпалы нәтижесінде қабылданады. Жылдық есептерді өткізу барысында кеңейтілген, нақты әрі талданған ақпарат беру талап етіледі.

Квазимемлекеттік секторға бақылау:

  • Ұлттық әл-ауқат қорының компанияларынан дивидендтердің кемінде 50%-ын, басқа квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза табысының кемінде 70%-ын бюджетке аудару талабы енгізілді.
  • Парламент пен қоғамға квазимемлекеттік сектор кірістері туралы есеп беру міндеттелді.
  • Сыртқы қарыз алу лимиті белгіленіп, бұл саланың ашықтығы күшейтілді.

Ұлттық қор қаражатын шектеу:

  • Қор қаражаты тек елдегі маңызы бар инфрақұрылым мен нысандарға жұмсалады.

Парламент бақылауы күшейтілді:

  • Республика бюджетіне енгізілетін өзгерістер Парламентке хабарланып, жалпы бюджетке парламенттік бақылау күшейтіледі.

Жергілікті бюджеттің кірістерін ұлғайту:

  • Айыппұлдар, ШОБ-тен түскен салықтар және цифрлық майнинг, автокөлік құралдарының өтуіне, радиожиілік спектрін пайдалануға төленетін төлемдер жергілікті бюджетке аударылады.
  • Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығы аудандық деңгейге беріледі.

Облыстық және республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерінің өзара қарым-қатынастары реттеледі. Мемлекет қаржысын басқару күшейіп,  бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік басқару секторының қарыздары бойынша ақпарат жинау қарастырылады.

Мемлекеттік органдар салықтық емес түсімдерді бақылап, кірістерді жоспарлау мен есеп беруді жақсартады. Өңірлік бюджеттердегі кірістердің асыра орындалған сомалары инфрақұрылымды жақсартуға – газ, су, электр желілері мен жолдарға жұмсалады.

Сурет: kapital.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
айыппұл Жергілікті бюджет Квазимемлекеттік сектор Мемлекет қаржысы Сыртқы қарыз цифрлық майнинг ШОБ
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.