Қызылордада Шөкіров көшесінде орналасқан, ауданы 950 шаршы метр ағаш өңдеу цехында өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
ТЖМ мәліметінше, алдымен құрылысқа қолданылатын ағаш материалдар өртеніп, кейін оның жалыны цехтың төбесіне тараған.
Өрттің нақты себебі белгісіз. Зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2 шілдеде Қызылордада пластикалық терезе жасап шығаратын зауыт өртенді. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде келіп, өртті алауыздықтады.
2024 жылдың қаңтар айында Қызылорда облысының Қармақшы ауданында күріш зауыты өртеніп, 240 тонна дәнді дақыл күйіп кетті.