Батыс Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған полиция капитанының отбасы бірнеше жыл бойы өтемақы ала алмай келген. Бұл туралы БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Азамат 2018 жылы қызмет барысында қаза тапқан. Оның жұбайы балаларының мүддесін қорғау үшін сотқа талап арыз берген.
Сот шешімемен асыраушысынан айырылған 2 балаға 9 млн теңге төленеді.
Айта кетейік, қаза тапқан қызметкердің отбасы 3 не одан көп адамнан құралса, марқұмның жалақысының 100%-ына тең өтемақы төленеді.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

