Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қытайлық CITIC Construction компаниясы Алматыда астық өңдейтін зауыт салады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 25/09/2024

Қытайлық CITIC Construction компаниясы Алматыда астық өңдейтін зауыт салады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қытайлық компания Алматы облысында қуаттылығы жылына 300 000 тонна болатын астықты терең өңдейтін зауыт салады. Жоба еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жобаның инвесторы – қытайлық CITIC Construction компаниясы.

Бүгін ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы ҚХР делегациясының өкілдерімен кездесті.

Жаңа зауыт мальтозалық шырын, фруктозалық шырын, кристалды фруктоза, аллюлоза, кристалды дектроза, натрий глюканаты және басқа да өнімдер шығаратын болады.

Инвестицияның жалпы көлемі шамамен – 1,07 миллиард АҚШ доллары, ал өнімнің жалпы құны – 1,87 миллиард АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ 2 000-нан астам жұмыс орнын құру жоспарланған.

Зауыттың салынатын орны да белгілі. Нысан Алматы облысындағы «Қазбек бек» индустриалды аумағында бой көтереді. Қазіргі уақытта зауытты қажетті инфрақұрылыммен уақтылы қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатыр.

Айтып өтелік, қазір еліміздің аумағында қытай капиталының қатысуымен 3 000-ға жуық бірлескен компания табысты жұмыс істеп жатыр. Олардың төрттен біріне жуығы соңғы жылы ғана қосылған.

2005 жылдан бастап Қытайдан Қазақстанға құйылған жалпы инвестиция көлемі 25 млрд АҚШ долларына жуықтаған. Тек өткен жылы тікелей қытайлық инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, 1,6 млрд АҚШ долларынан асты.

Бүгінде бірлескен инвестициялық жоба саны 90-нан асып, энергетика, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, электротехника, ауыл шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, білім беру, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

Қос ел арасындағы сауда айналымы көктемде 40 млрд долларға жетіп, рекорд орнады.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Қазбек бек» индустриалды аумағы 2024 Алматы облысы Ермек Кенжеханұлы ҚХР делегациясы Қытайлық CITIC Construction компаниясы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.