Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 21 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Валюта нарығы тұрақсыздығы салдарынан теңге құнсызданып барады
Нұрсұлтан Ерболатұлы sarapshy.info 01/12/2024

Валюта нарығы тұрақсыздығы салдарынан теңге құнсызданып барады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Құбылмалы рубль теңгені алаңдатып отыр

Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін енгізілген санкциялар мен ішкі валюталық бақылау шаралары рубль бағамын сыртқы сауда ағындарына тәуелді етті. Экспорттаушылар үшін валюталық түсімдерді міндетті түрде сату талабы болды, оның деңгейі жағдайға қарай өзгеріп отырды (қазан айында 50%-дан 25%-ға дейін төмендетілді). Еске сала кетейік, маусым айынан бастап доллар мен еуро Мәскеу биржасында саудаланбайды, Ресейде доллардың нақты құны банкаралық сауда аясында анықталады. Негізгі валюталық сауда Газпромбанк арқылы жүзеге асып жатыр. Бірақ бұл банкке де АҚШ-тың санкциялары енгізіліп, жағдай қиындай түсті. Ақыр аяғы доллардың қымбаттауына алып келіп, рубльді құнсыздандырды.

​​​​​

Ресей валютасының құнсыздануы

Рубль 21-29 қараша айында бір АҚШ доллларына шаққанда 99,9 рубльден 109,6 рубльге дейін немесе 9,7%-ға дейін құнсызданды. Ресейлік сарапшылар елде доллар тапшылығының салдарынан рубль құнын жоғалтуда екенін айтып отыр. РФ-дағы валюта тапшылығы экспорттаушылардың валюталық түсімдерді аз сатуынан туындауы мүмкін. Бұл, негізінен, міндетті сату нормасының төмендеуі мен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты.

«Кемедегінің жаны бір»

Ресей — Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы сауда айналымының басым бөлігі рубльмен немесе доллармен есептеледі. Егер рубль әлсіресе, Қазақстаннан Ресейге экспортталатын тауарлардың бағасы салыстырмалы түрде қымбаттайды, бұл экспортқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Еске сала кетейік, екі елдің экономикалық тығыз қатынасы туралы жазған едік. Рубльдің тұрақсыздығы Қазақстанға салынатын шетелдік инвестицияларға кері әсер етуі мүмкін, себебі аймақтағы экономикалық тұрақтылықтың мызғымайтынына алаңдауға тура келеді. Теңге мен рубль арасындағы байланыс Қазақстанның экономикалық саясатына және сыртқы сауда теңгеріміне айрықша әсер етеді.

​​​​​

Ұлттық банк теңгені құтқару үшін валюта нарығына араласты

Бас банктің мәліметінше 16-28 қараша аралығында ҰБ интервенция жасап, өз алтын-қор резервінен  2,5% немесе шамамен 1,2-1,3 млрд АҚШ долларын сатқан. Әсіресе 27-28 қараша күндері валюта нарығының қатысушылары арасында бұрын-соңды болмаған сауда-саттық тіркелді. Мәселен, 27 қараша күні қор биржасында АҚШ долларының сауда-саттығы 455 млн долларды құраса, 28 қараша күні рекордттық 713 млн доллар сауда көлемі тіркелді. ҰБ валюта нарығында бас ойыншы ретінде нарыққа араласып, теңгенің одан әрі құнсыздануына жол бермес үшін және бағамның құбылуын тежеу үшін интервенция жасады. Алайда доллардың бағасы 28 қараша күні KZT/USD паритетінің ресми бағамы 513,0 теңгені құрады. Ал айырбас орталықтарында бір доллардың құны 521 теңгеге дейін барды.

Әлсіз теңгенің қандай кері әсері болады?

Теңгенің әлсіреуі Қазақстан экономикасы мен тұрғындарға бірнеше кері әсерін тигізеді.

Ең алдымен, бұл жайт импорттық тауарлардың қымбаттауына алып келеді.  Теңге бағамы төмендеген сайын шетелден әкелінетін тауарлар мен қызметтердің бағасы өседі. Соның салдарынан импортқа тәуелді салаларда инфляция күшейеді.

Екіншіден, елде баға көтеріліп, инфляцияның өсуіне алып келеді. Валюта бағамының құбылмалылығы ішкі нарықта жалпы бағаның көтерілуіне себеп болады, бұл халықтың сатып алу қабілетін төмендетеді. Тіпті долларға қатысы жоқ тауарлардың да бағасының өсуіне алып келеді.

Үшіншіден, қарыз жүктемесі артады. Шетел валютасымен алынған мемлекеттік қарыздар немесе жеке сектордағы несиелердің төлемі қымбаттап, жеке және заңды тұлғалардың қаржылық жағдайына қысым түседі. Сондай-ақ елдегі инвестициялық климатқа әсері бар. Валюта тұрақсыздығы шетелдік инвесторлар үшін қосымша тәуекел туғызып, инвестиция көлемінің азаюына ықпал етуі мүмкін.

​​

Жоғары пайыз: ҰБ базалық мөлшерлемені көтерді. Енді депозит пайызы өсіп, несие қымбаттайды

Бас банк теңгенің құнсыздану сәтінде базалық мөлшерлемені 12,25%-дан 15,25%-ға дейін көтеруге мәжбүр болды. Айырбастау бағамының әлсіреуі және инфляцияның өсуі нақты пайыздық мөлшерлеменің өсуіне алып келді.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтеруі экономиканың бірнеше аспектісіне әсер етеді:

Инфляцияны бақылау: Жоғары мөлшерлеме несие алуды қымбаттатып, тұтынушылық сұранысты төмендетеді, бұл инфляцияның бәсеңдеуіне ықпал етуі мүмкін.

Салымшылар үшін пайда: Депозиттердің пайыздық мөлшерлемелері де өседі, бұл халықты жинақтарын көбейтуге ынталандырады. Көптеген банк 16-18% депозиттік орташа пайызды ұстануы мүкін.

Экономикалық өсуге әсері: Несие қымбаттағандықтан, бизнеске инвестиция тарту қиындайды, бұл экономикалық белсенділікті баяулатуы мүмкін.

Мөлшерлемені көтеру инфляцияны төмендету үшін тиімді құрал, бірақ экономикалық өсімге қысым жасауы ықтимал.

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Басты сурет: pinterest

sarapshy.info

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
2024 Базалық мөлшерлеме Валюта нарығы ҚР Теңге бағамы Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.