Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ресейдегі инфляцияның Қазақстан экономикасына әсері
Нұрсұлтан Ерболатұлы sarapshy.info 23/11/2024

Ресейдегі инфляцияның Қазақстан экономикасына әсері

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өте жоғары деңгейде. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Ресей мен Қазақстан экономикасының тығыз байланысы, әсіресе сауда мен қаржы саласындағы көрсеткіштердің, көрші елдегі инфляциялық өзгерістердің Қазақстан экономикасына айтарлықтай ықпал етуіне себеп болады.

​​​

Сауда және импорт

Қазақстанның жалпы импортының 29,6%-ы Ресейден келеді. Демек Ресейдегі баға өзгерістері Қазақстан нарығына тікелей әсер етеді.

Мысалы, РФ-дағы азық-түліктің арзандауы Қазақстандағы ресейлік азық-түлік бағасының төмендеуіне алып келеді. Ал егер Ресейде баға өссе, Қазақстанға «импорттық инфляция» келеді.

Мәселен, биылғы қыркүйек-қазан айларында елімізге Ресейдің импорт көлемі 12,7 млрд АҚШ долларын құрады. Қазақстан солтүстік көршіден азық-түлік, химия, металл және металл өнімдері сияқты негізі тауар түрлерін импорттаған.
​​​​              

Ресейдегі инфляция

Ресейде 2024 жылдың қазан айындағы жылдық инфляция деңгейі шамамен 8,5% болды. Бұл көрсеткіш, негізінен, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуімен байланысты.

Инфляцияны үдетіп отырған салалардың бірі – тұрғын үй-коммуналдық қызметтер: салқын су 60,3%, электр энергиясы 22,9%, орталық жылу қуаты 33,6%-ға қымбаттады.

Бағаның теңесуі: Қазақстан мен Ресей инфляциясының арақашықтығы азайып келеді

Биылғы қаңтар айында Қазақстанда 9,5%, ал Ресейде 7,4% болып, екі елдің инфляция айырмашылығы 2,1 пайыздық тармаққа дейін жетті. Алайда маусым-шілде айларында «қайшыласу» нүктесіне жетіп, шілде айында Ресейде баға өсімі үдеп, ал біздің елде керісінше төмендеу траекториясына түскен болатын.

Ресейдің қатал ақша-несие саясаты бағаны ауыздықтады

Ресейдің Орталық банкі қолданған қатаң ақша-несие саясаты халықтың шығынын азайтып, жинақтауға ынталандырады. Қазіргі таңда Орталық банк базалық мөлшерлемені 21%-ға дейін көтерді. Бұл шешім сұраныстың төмендеуіне және бағаның тұрақтануына әкеледі. Мұндай тенденция Қазақстанға да жанама әсер етеді.

ҚР Ұлттық банкі де осыған ұқсас саясат жүргізіп отыр (мөлшерлеме деңгейі жоғары). Бұл несие алуды қиындатып, халықтың тұтынушылық шығынын азайтады.

​​​​​

Неғұрлым тығыз сауда қатынасы соғұрлым тәуелділікке алып келеді

Ресейдегі инфляция мен экономикалық жағдай Қазақстанның бағаларына айтарлықтай әсер етеді. Бұл импорттық тауарларға, ақшалай-несиелік саясатқа, сондай-ақ инвестициялық және сауда байланыстарына байланысты. Қазақстан бұл ықпалды азайту үшін:

— отандық өндірісті күшейтуге,

— экономиканы әртараптандыруға,

— инвестицияларды тиімді пайдалануға назар аударуы қажет.

Мұндай қадамдар сыртқы инфляцияның Қазақстан экономикасына қысымын әлсіретіп, елдің ұзақмерзімді экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Басты сурет: freepik.com

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды.

    2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
2024 Ел нарығы Инфляция Қазақстан экономикасына қысымы Ресейдегі баға өзгерістері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026
Біздің сараптама

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

12/05/2026
Қаржы

Қазақстандықтар Halyk Bank-тан 10 трлн теңге несие алған

30/03/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.