Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қуаты жылына 1 млн тоннаға жетеді»: Елде жаңа қант зауытының жобасы таныстырылды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 08/10/2024

«Қуаты жылына 1 млн тоннаға жетеді»: Елде жаңа қант зауытының жобасы таныстырылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда қант зауытын салу бойынша инвестициялық ұсыныс таныстырылды. Жобаны «К-Агро Холдинг» және «Бәйтерек» холдингі жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Болашақ зауыттың орны Жамбыл облысында деп белгіленген.

Жобаға сәйкес, зауыттың өңдеу қуаты тәулігіне 8-10 мың тоннаны құрайды. Бұл жылына 1 млн тонна қант қызылшасын өңдеуге және 130 мың тоннаға жуық қант өндіруге мүмкіндік бермек.

«Қазір өңдеу қуатын арттыру үшін жұмыс істеп тұрған қант зауыттарына жаңғырту жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс жаңа зауыттың құрылысымен бірге Қазақстанда қант бойынша импортқа тәуелділікті кезең-кезеңімен төмендетуге және қант қызылшасынан тереңдете қайта өңделген өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді», — делінген Үкіметтің хабарламасында.

Жалпы елде қант қызылшасын өңдеу бойынша жалпы тәуліктік қуаты 8,7 мың тонна және 2,4 мың тонна қамыс құрағын өңдейтін төрт қант зауыты жұмыс істейді.

2023 жылы республикада қантты ішкі тұтыну көлемі 507 мың тоннаны құрады. Ел қажеттілігінің негізгі көлемі ЕАЭО елдерінен дайын қантты импорттау және қамыс құрағын өңдеу есебінен қамтамасыз етіліп отыр.

Жазда Еnergyprom қант бағасының үш ай қатарынан көтеріліп, өндіріс көлемі соңғы жылдардағы ең төменгі көрсеткішті көрсетіп тұрғанын жазды.

Құрақ немесе қызылша қантын, шикі немесе тазартылған қантты өндіру көлемі осы жылғы қаңтар-мамырда небәрі 39,6 мың тонна болды. Бұл  – соңғы төрт жылдағы осы кезеңдегі ең төменгі көрсеткіш. 

Ал қант экспорты мен реэкспорты бір жылда 700 келіден биылғы жылдың төрт айында 50,4 мың тоннаға дейін өсті. Бірақ ішкі нарықтағы сатылым бір жыл ішінде 2,3 есеге азайып, небәрі 93 мың тонна болды.

Соңғы уақытта отандық қант өндірісі төмендеп келетіні жиі айтылады. 2023 жылы – республикада 201 мың тонна қант өндірілді, 2022 жылы – 299 мың тонна болған.

Қазақстандықтар тұтынатын қанттың 13 пайызы ғана отандық өндірістен шыққан. Ал Ресейден келетін импорт үш есеге артқан.

Еске салсақ, 2022 жылы «қант дағдарысы» болды. Оның негізгі себебі – біздің елімізге қант пен оның өндірісіне керек шикізатты негізгі жеткізуші Ресейде қант экспортына салынған тыйым болды.

Бұл ретте бейінді министрліктер дағдарысты жеңе алмады. Сауда және интеграция министрлігінің де, ауыл шаруашылығы министрлігінің де қант тапшылығына қатысты мәлімдемелерінің сәйкес келмеуі елде одан әрі дүрбелең тудырды. Сондай-ақ қанттың одан әрі қымбаттауына ықпал етті.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Бәйтерек» холдингі Жамбыл облысы Жаңа қант зауыты К-Агро Холдинг ҚР
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.