Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Әлем жаңалықтары»Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуіне дайындықты бастайды
Дария Ғұмар Әлем жаңалықтары 19/08/2025

Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуіне дайындықты бастайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина басшыларының кездесуін ұйымдастыруға дайындық басталғанын хабарлады. Бұл туралы ол Владимир Зеленский және бірқатар Еуропа елдерінің басшыларымен Ақ үйде өткен келіссөзден кейін айтты.

Бұл саммит АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің 15 тамызда Аляскада өткен кездесуінен кейін ұйымдастырылды. Зеленский және еуропалық басшылармен келіссөзден соң Трамп Путин мен Зеленскийдің алдағы екі апта ішінде кездесуі тиіс екенін айтты. Оның артынан АҚШ қатысатын үшжақты саммит ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жабық келіссөз кезінде Трамп Зеленскийді НАТО құрамына қосылу мүмкін емес екенін және Қырымды қайтара алмайтынын айтқан. Ал Владимир Зеленский соғыс аяқталған соң елінде сайлау өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

Германия канцлері Фридрих Мерц болса, үшжақты кездесуге дейін атысты тоқтатуды жөн көреді.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиақпаров Sarapshy.info тілшісімен  сұхбатта Трамп пен Зеленский арасындағы келіссөздің маңызын түсіндірді.

«Әлемнің ең мықты саясаткерлерінің бірі ретінде Трамп бұл келіссөзді жүргізуді әуел бастан жоспарлады. Жаһандық қарым-қатынасты бақылап отыру да – АҚШ-тың бір ерекшелігі.

Келіссөз кезінде Зеленскийға қысым көрсетілді деп айту қиын. Бұл кездесудің мақсаты – үш жылдан бері жеке сөйлесіп көрмеген Ресей мен Украина басшыларының басын қосу.

Қасым-Жомарт Тоқаев та Путин мен Зеленскийді бейбіт шешімге шақырып жүргені белгілі. Меніңше, Трамп ұйымдастырғысы келетін үш ел арасындағы саммит Қазақстанда өтуі мүмкін. Путин келіссөз үшін кез келген елге бара қоятын адам емес. Осы себептен де кездесу Астана не Алматыда өтуі мүмкін», — деді саясаттанушы.

Естеріңізге сала кетейік, саясаттанушы Ғазиз Әбішев Sarapshy.info порталына берген сұхбатында 15 тамызда өткен Трамп пен Путиннің кездесуі Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін екенін бөлісті.

«Украинадағы соғыс пен Ресейге қарсы санкциялар қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына кері әсер етіп жатыр. Ресейдегі инфляция мен стагнация көршілес елде де көрініс табатыны рас. Егер келісім болмаса, бұл үдеріс жалғасады. Ал қысым азайса, Қазақстан санкцияның ықпалынан арылады, бірақ бұл жағдайда мұнай бағасының төмендеуі секілді басқа да қатер туындауы мүмкін», – деді ол.

фото: MANDEL NGAN/AFP via Getty Images

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
А АҚШ Владимир Зеленский Владимир Путин Дональд Трамп Канцлер Ресей Ресей мен Украина Трамп пен Зеленский Трамп пен Путин Украина
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Ресейдегі порттағы жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды

30/03/2026
жаңалық

Қытайдан Қазақстанға көшкендер саны 29%-ға артты

17/03/2026
жаңалық

Қазақстанда бірнеше ресейлік телеарнаның тікелей көрсетілімі тоқтады

11/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.