Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 3 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»ТОП-5: Хан ордасы үздік туристік ауылдар тізіміне енді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 31/01/2025

ТОП-5: Хан ордасы үздік туристік ауылдар тізіміне енді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысын жариялады.

Әр өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілді

«Байқау тұрақты туризмді дамытуға, бірегей табиғи ландшафттары бар, дәстүр мен қолөнерді сақтаған ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге бағытталған», — дейді жоба ұйымдастырушылары.

Байқауға қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін қабылданды. Облыс әкімдіктеріне өңірден үш ауылды ұсынуға мүмкіндік берілген.

«Біз мәдениетке бай, дәстүр мен қолөнерді сақтаған, бірегей табиғи ландшафттары бар ауылдық аумақтарды анықтауға және ілгерілетуге ниеттіміз. Елді мекендер жаңа бағыттар мен аутентикалық туризмді таңдаған туристер үшін тартымды болуы мүмкін. Соңғы жылдары мұндай саяхатқа қызығушылық артып келеді», — деді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басшысы Қайрат Сәдуақасов.

Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінген.

Байқауға қатысушыларды туризм және оған сабақтас салалардағы сарапшылардан тұратын тәуелсіз кеңес мүшелері бағалаған.

Қазақстанның үздік бес туристік ауылы

  • Лепсі ауылы (Жетісу облысы, Алакөл ауданы)
  • Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)
  • Хан ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы)
  • Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер ауданы)
  • Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтогай ауданы)

Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.

2023 жылы Алматы облысының Саты ауылы халықаралық деңгейде ең үздік туристік ауыл ретінде танылып, беделді «Best Tourism Villages by UNWTO» сыйлығымен марапатталды.

Елімізде қанша ауыл бар?

2024 жылғы шілдедегі есеп бойынша, елде 6 208 ауыл бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78-ге аз.

Таратылған 78 елді мекеннің 50-і Түркістан және Қостанай облыстарына тиесілі. Қалған 28 ауыл Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстарында таратылған.

Қазақстанда 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде үш республикалық маңызы бар қала тіркелген. Сондай-ақ елімізде 29 кент, 2 165 ауылдық округ пен 6 208 ауыл бар.

Сурет авторы: Гүлмира Сарсенғали

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауы 2025 UN Tourism Best Tourism Village Алматы облысының Саты ауылы Бөкей ордасы ауданы Туризмді дамыту Хан Ордасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.