Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда жиырма жылда 1 404 ауыл жойылып кетті
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 20/09/2024

Қазақстанда жиырма жылда 1 404 ауыл жойылып кетті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сенатор Серік Шайдаров ауылдарда өмір сүру сапасының төмендеп бара жатқанын айтты. Сондай-ақ ауылдардың жойылып кетуіне әкеліп соғатын мәселелерді атады.

«Ауыл – ел бесігі» жайлы

Депутат «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына тоқталды. 2014-2023 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 524 миллиард теңге бөлініп, 1 800 ауылда бес мыңнан астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туды.

Сенатордың айтуынша, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ. Бұл ауылды дамытудың әлемдік тәжірибесіне қайшы келеді. Мұнда табыс деңгейі мен жұмыссыздық сияқты экономикалық көрсеткіштер басты рөл атқарады.

Серік Шайдаров елімізде кейінгі жиырма жылда 1 404 ауылдың жойылып кеткенін айтты. Ол бұл жағдайдың ауылдық аймақтарға қатысты мемлекеттік саясатты қайта қарау қажет екенін байқатып отырғанын алға тартты.

«Мемлекеттік қолдаудың қатысуымен бөлінетін барлық несиелерді «Ауыл – ел бесігі» бойынша ауылдық елді мекендерді қаржыландырумен байланыстыру және негізгі индикаторды осы елді мекендердегі салалар бойынша жалпы қосылған құнның жыл сайынғы өсуіне мониторинг жүргізе отырып, жаңа тұрақты жұмыс орындарының ашылуымен айқындау ұсынылды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, «Неге инфрақұрылымға миллиардтаған сома құйылатын ауылдық елді мекендерде бөлінген несиелер мен бизнес ашу бойынша талдау жоқ?» деген сұрақ туындайды», — дейді ол.

Жалпы «Ауыл – ел бесігі» жобасының мақсаты – осы ауылдардағы экономикалық өсу өлшемі арқылы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту.

«Іс жүзінде бюджет қаржысын әдеттегідей игеру жүріп жатыр, ал тұрақты жұмыс орындары ашылмаса, мемлекет салынған қаржыдан тиісті нәтиже ала алмайды», — деді Серік Шайдаров Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына жолдаған сауалында.

Сенатордың ұсынысы ауылдық өңірлерде экономикалық дамуға және жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса назар аудара отырып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына кешенді талдау жүргізу қажеттігіне негізделеді.

Қазақстанда қанша ауыл бар?

Биылғы шілдедегі есеп бойынша, елде 6 208 ауыл бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78-ге аз.

Таратылған 78 елді мекеннің 50-і Түркістан және Қостанай облыстарына тиесілі. Қалған 28 ауыл Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстарында таратылған.

Қазақстанда 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде үш республикалық маңызы бар қала тіркелген. Сондай-ақ елімізде 29 кент, 2 165 ауылдық округ пен 6 208 ауыл бар.

«Қаладан – ауылға» жобасы: БҚО-да қаладан ауылға 66 отбасы көшті

Биыл Батыс Қазақстан облысында 2024-2026 жыл­дарға арналған «Қаладан – ауылға» қанатқақты жобасы басталды. Жыл басындағы әкімдік ұсынған есепке сүйенсек, өңір ауылдарында 1 600-дей үй бос тұр.

«Біз ауыл­дар­ға халықты апарып, тұрақтан­ды­руымыз керек. Бағдар­лама аясында барлық көмекті жасаймыз», — деді жыл басында БҚО әкімі.

Бағдар­ла­ма­ның басты мақсаты – ауыл­­ға баратын адамның сол жерде тамыр тартып, табыс тауып, өмірден өз орнын тауып кетуі.

«Қаладан – ауылға» үш­жылдық бағдарламасы аясында жаңадан 313 тұрғын үй салынып, ауылдарға көшіп барған азаматтарға 1 146 тұрғын үй сатып алынады деген жоспар болды.

Кеше БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі жыл басталғалы қаладан ауылға 66 отбасының көшкенін хабарлады. Яғни, бағдарлама аясында 322 адам ауылдық жерге көшіп барған. Тұрғындар баспаналы болып қана қоймай, жұмыспен қамтылып отыр.

Жалпы Батыс Қазақстан облысы – әуелден аграрлы, ауыл шаруа­шылығы басым өңір. Сондай-ақ ауылдық елді мекендері ең көп облыстың бірі. Облыста 12 аудан, 156 ауылдық, үш кенттік округ, екі қала бар.

Сурет: egemen.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы «Қаладан – ауылға» жобасы 2024 Ауылдан адам көшкенмен БҚО Сенатор Серік Шайдаров
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.