Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Тоқаев тапсырмасын орындамаған вице-министр мен әкімдер жазаға тартылды
Нұртай Текебаев жаңалық 21/07/2025

Тоқаев тапсырмасын орындамаған вице-министр мен әкімдер жазаға тартылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанның курорттық аймақтарында жүргізілген тексеріс нәтижесінде вице-министрлерден бастап ауыл әкімдеріне дейін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Шілде айында Тоқаев Алакөлде туристерге арналған инфрақұрылымның жетілдірілмегенін, шағымның көп айтылып жатқанын сынады.

Қоғам Көшербаевты да сынады

Президент тапсырмасынан кейін премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жетекшілігімен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына туризм, көлік, ішкі істер, экология, су ресурстары, денсаулық сақтау сынды бірқатар министрліктің және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері енді.

10-12 шілде аралығында жұмыс тобы Қапшағай су қоймасы, Алакөл және Балқаш көлдеріндегі туристік инфрақұрылымды тексерді. Туристермен бетпе-бет кездесіп, олардың сервистің сапасыздығы мен қауіпсіздіктің жоқтығына қатысты шағымдарын тыңдады. Аймақтарда көптеген заң бұзушылық анықталды.

Бірақ Алакөлге барған Көшербаевтың өзі сынға ілікті. Әлеуметтік желілерде көпшілік «ШҚО әкімі орынбасары болған кезде неге туризмге көңіл бөлмеді?» деген пікірлер жиі жарияланды.

Жағажайлар абаттандырылмаған, чек жоқ, санитария сын көтермейді

Коммуналдық жағажайларда абаттандыру талаптарының бұзылғаны, көлеңке мен қоқыс жәшіктерінің жетіспейтіні, чек бермейтін кәсіпкерлер мен санитарлық талаптарды елемейтін демалыс орындары бар екенін анықталды. Қауіпсіздік ережелері жиі сақталмайды — құтқару бекеттері жетіспейді, алғашқы көмек көрсету мүмкіндіктері шектеулі.

Кімдер жауапкершілікке тартылды?

Тексеру қорытындысы бойынша бірқатар лауазымды шенеунікке тәртіптік жаза қолданылды:

  • Туризм және спорт вице-министріне және Алматы, Қарағанды, Абай, Жетісу облыстары әкімдерінің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды;

  • Қонаев, Балқаш қалаларының, сондай-ақ Алакөл мен Мақаншы аудандары және ауылдық округтер әкімдері сөгіс алды;

  • Облыстық басқарма басшылары (туризм, экология, сәулет, сауда, кәсіпкерлік) жазаланды;

  • Сондай-ақ аумақтық министрлік бөлімшелерінің — экология, денсаулық сақтау, су ресурстары, көлік, қаржы, сауда және интеграция — жетекшілері де жауапқа тартылды.

Жол картасы жасақталады

Инспекция нәтижесінде өңірлерде орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен көшпелі тексерулер жалғасып жатыр. Жақын арада туристік инфрақұрылымды дамытудың жол картасы әзірленіп, саладағы түйткілді мәселелерге нақты шешім ұсынылады.

Сонымен қатар, тұрақты бақылау жүргізу мақсатында жобалық кеңсе құрылды. Ол туристік қызметтердің сапасын арттыру, курорттық аймақтарды абаттандыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үйлестіруші рөл атқарады.

фото: pixabay

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Алакөл Екінші ақпарат ҚР Туризм және спорт министрлігі сөгіс жариялады Тоқаев Туризм және спорт министрлігі Туризм саласы турист Үкімет
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.