Дәрігерлер Алматы облысының Талғар ауданында қайғылы оқиға кезінде зардап шеккен кішкентай қызға ота жасап, тіліне сегіз тігіс салды. Бұл туралы адвокат Гаухар Сариева Instagram парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, қылмыскер көлікте отырған баланы жардан құлатқан. Сол сәтте қыз түрлі жарақаттар алып, тілін зақымдап алған.
Адвокаттың мәліметінше, қыздың анасы медбике болып қызмет атқарады. Қайғылы сәтте ол көршісіне барып, көк тамырына ине салуға көмектесіп жүрген.
«Егер қыздың анасы үйде болған жағдайда оқиға қалай өрбитінін елестете алмаймын», – деді Сариева.
5 қыркүйекте Талғарда ер адамға оқ атып, оның екі жасар қызын ұрлап кетті.
Адвокат Гаухар Сариеваның айтуынша, күдікті бұған дейін марқұмның қарындасын зорлаған.
фото: istockphoto.com

