Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Воскресенье, 13 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орал әуежайының жанынан құрылады
Наргиза Ерес sarapshy.info 12/12/2024

«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орал әуежайының жанынан құрылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы Орал қаласындағы әуежайға жақын жерде орналасады. Бұл нүкте Ресейдің ірі қалалары Орынбор, Саратов, Самара, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерімен байланысатын маңызды көлік және логистика торабы болмақ. Бұл жөнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев хабарлады.

Сауда орталығын дамыту үшін арнайы индустриалды аймақ құрылып, келесі өнімдер өндіруге бағытталған инвестициялық жобалар жүзеге асырылады:

●     Бояулар мен полимерлі жабындар өндірісі

●     Пластикалық қаптамалар мен контейнерлер

●     3D декор-панельдер

Бұл жобаға Kazkomservice, Mis PRO және Smart3D Technology Kazakhstan компаниялары қатысады.

Экономикалық әсері

Арман Шаққалиевтің айтуынша, «Еуразия» орталығының іске қосылуы Батыс Қазақстан облысының экономикасына бірнеше жағымды әсер береді:

●     жүк және тауарларды жеткізудің халық шаруашылығындағы үлесін 5-10% -ға төмендету;

●     логистикалық шығындардың төмендеуі есебінен инфляция деңгейін төмендету;

●     өндірістерді орналастыру жобаларының инвестициялық тартымдылығын арттыру.

«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығын 2026 жылы толық іске қосу жоспарланған.

Былтыр Сауда және Интеграция министрлігі елде алдағы үш жыл ішінде бес шекара хабын құру жоспары туралы айтқан еді. Хабтардың негізгі мақсаты — шекара маңындағы елдермен экономикалық ынтымақтастықты нығайту және тауар айналымын ұлғайту.

«Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы (Түркістан облысы):

●     Өзбекстанмен байланыстырады, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерін өңдейді.

●     Ауғанстан мен Орталық Азия елдерінің нарығына бағытталған.

●     2026 жылдың IV тоқсанында іске қосылады.

Жамбыл облысындағы индустриялық кешен:

●     Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасады.

●      «Алатау» индустриялық кешені ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу орталығы.

●     2026 жылдың III тоқсанында іске қосылады.

«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы (Батыс Қазақстан облысы):

●     Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасады.

●     Солтүстік және Шығыс Еуропа елдерімен саудаға бағытталған.

●     2025 жылдың III тоқсанында іске қосылады.

«Каспий торабы» (Маңғыстау облысы):

●     Әзірбайжан, Түрікменстан, Ресей және Иранмен байланыстырады.

●     «Саржа» теңіз терминалының құрылысы жүріп жатыр (қуаты 10 млн тонна).

●      «Ақтау» және «Құрық» порттарында контейнерлік хабтар салынады.

●     2026 жылдың III тоқсанында іске қосылады.

«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы (Жетісу облысы):

●     Қытаймен шекарадағы «Қорғас торабы» кеңейтіледі.  Азық-түлік сақтау және тарату орталығы құрылады.

●     2024 жылдың III тоқсанында іске қосылады.

«Хабтар құру шекара маңындағы елдермен сауда қарым-қатынастарын жеделдетіп, шикізаттық емес экспорт көлемін 30%-ға арттырады және бизнесті жүргізудегі логистикалық рәсімдерді жеңілдетеді» — делінген министрлік хабарламасында.

 Сурет: Сауда және интеграция министрлігі

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы «Қорғас» көлік-логистика хабтарын құру орал әуежайы Орталық Азия Орынбор Самара Саратов трансшекаралық сауда орталығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025
sarapshy.info

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025
Әлем жаңалықтары

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

11/07/2025

Жаңа мақалалар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

Қаржы 12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

жаңалық 12/07/2025

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

sarapshy.info 11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.