Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Воскресенье, 13 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстан азаматтары eGov Mobile арқылы несие тарихын бақылай алады
Наргиза Ерес sarapshy.info 21/11/2024

Қазақстан азаматтары eGov Mobile арқылы несие тарихын бақылай алады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жаңа қызмет тегін көрсетіледі. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.

Қазақстан азаматтары енді несие және сақтандыру тарихын eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы оңай бақылайды. Жаңа «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» сервисі арқылы пайдаланушы қаржылық жағдайын қадағалап отырады және несие алу мүмкіндігін анықтай алады.

Сервистің мүмкіндіктері:

Сервис екі негізгі бөлімнен тұрады:

  1. «Кредиттеу» бөлімі:
    Бұл бөлімде пайдаланушыларға соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері туралы ақпарат және скорингтік балды көре алады.

    • Скорингтік балл – бұл пайдаланушының несие қабілеттілігін бағалайтын көрсеткіш. 
  1. «Сақтандыру» бөлімі:
    Пайдаланушы бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есепті көре алады. Сонымен қатар, бұл бөлімде міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін бонус-малус класы туралы ақпарат та бар.

Сервисті қалай пайдалану керек?

Жаңа сервистің барлық функциялары тегін. Оны пайдалану үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. eGov Mobile қосымшасына кіріңіз.
  2. «Басқа сервистер» → «МКБ. Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» бөлімін таңдаңыз.
  3. Жеке деректерді пайдалануға келісім беріңіз.
  4. Несие және сақтандыру шарттары туралы ақпаратпен танысыңыз.
  5. Қажет болса, кредиттік немесе сақтандыру есебін смартфоныңызға жүктеп алыңыз.

Тұтынушы назарына

Егер жеке деректер бойынша сұрақтар туындаса, пайдаланушы тікелей несие берушіге немесе сақтандыру компаниясына жүгіне алады.

Жобаның серіктестері

Бұл сервис ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірлескен жұмыс нәтижесінде іске асырылды.

 

Сурет: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
eGov Mobile ҚР Цифрлық даму Несие сақтандыру тарихы смартфон Цифрлық даму’ инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025
sarapshy.info

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

11/07/2025
жаңалық

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын тұрғын үй алуға жиі пайдалана бастады

10/07/2025

Жаңа мақалалар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

Оқиға 12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

Қаржы 12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

жаңалық 12/07/2025

БҚО-да өртенген мектеп интернатының құрылысын мердігер қалпына келтіреді

sarapshy.info 11/07/2025

Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды

Әлем жаңалықтары 11/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ағаш өңдеу зауыты өртенді

12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

12/07/2025

БҚО-да құмар ойынға бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылды

12/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.