Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Түркістанда жалған несие арқылы субсидия жымқыру схемасы әшкереленді
Наргиза Ерес sarapshy.info 21/01/2025

Түркістанда жалған несие арқылы субсидия жымқыру схемасы әшкереленді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы cубсидия ұрлаған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Олар 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғысы келген.

Қылмыстық топ «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алу үшін субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттер алу үшін алаяқтық схемасын жасаған. Күдіктілер Кентау қаласында «Яссы-кредит НС» кредиттік серіктестігін құрған. Одан кейін іс жүзінде жоқ «Expert Consulting Group» ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалау актілерін пайдаланған.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырған адам мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болған. Ол қатысушылардың іс-әрекетін үйлестіріп отырған. Жалған несиелер рәсімдеуге, бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысқан. Жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлінген.

Қылмыстық іс аясында 27 күдікті анықталған. Ал күдіктілердің жалпы құны 1 миллиард теңгеден астам мүлкіне тыйым салынған.

Осыған дейін БҚО-да шаруа қожалығы 20 миллион теңгеден астам субсидия қаражатын заңсыз иемденгенін жазған болатынбыз. 

Одан бөлек субсидияға қатысты заңбұзушылықтар Алматы мен Түркістан облыстарында да анықталды.

Сондай-ақ 2025 жылдан бастап шаруаларға субсидияның орнына 5%-дан аспайтын несие беріледі.

Сурет: istockphoto.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы Бюджет қаражатын жымқыру Екінші ақпарат жемқорлық Жымқыру ірі қара мал Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс субсидия Түркістан облысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.