Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 9 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Оқиға»Суға кеткен Шалғын ауылында 10 шақты үй жарамсыз жағдайда
Нұрлыбек Рахманов Оқиға 01/04/2022

Суға кеткен Шалғын ауылында 10 шақты үй жарамсыз жағдайда

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Көктемгі қар суының күрт еруіне байланысты Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды sarapshy.info ақпарат агенттігі.

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Есқалиев оқиғаның себеп-салдарын анықтау, жағдайды бақылау және тұрғындарға алғашқы көмек ұйымдастыру мақсатында Қаратөбе ауданының Шалғын ауылында және Шыңғырлау ауданындағы тасқын қаупі туған орындарда болды.

Облыс әкімі Шалғын ауылының тұрғындарымен кездесті. Су кірген 25 тұрғын үйдің иелері мәдениет үйіне көшірілсе, өзге де ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі күшейтілді. «Қазіргі таңда Шалғын ауылы қатаң бақылауға алынды» дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бірнеше күн бұрын Шалқын ауылындағы мектептің жартысы суға кеткен еді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәтіметінше, жаңа ғимарат салу 2025 жылға дейін 1000 мектеп салуды жоспарлаған Жол картасы аясында 2023 жылға жоспарлануда.

Оқиға орнында жұмыс жасап жатқан комиссия әлі ешқандай ресми хабарлама таратпады. Ал ауыл тұрғындары 12 үй жарамсыз жағдайда екенін айтты. Сондай-ақ кейбір тұрғындарды округ орталығы Қоскөл ауылының балабақшасына көшіріп жатырғандарын да жеткізді.

Нұрлыбек Рахманов

Sarapshy.info

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
БҚО Ғали Есқалиев Қаратөбе ауданы су тасқыны суға кеткен үйлер БҚО Шалғын ауылы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Әлем жаңалықтары

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025
Экология

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025
жаңалық

БҚО-да 460 мың киік ауланады

03/07/2025

Жаңа мақалалар

ҰҚК-ға қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне басшы тағайындалды

жаңалық 08/07/2025

Каспий теңізі жағалауынан 40-қа жуық өлі шабақ табылды

Экология 08/07/2025

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

sarapshy.info 07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

ҰҚК-ға қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне басшы тағайындалды

08/07/2025

Каспий теңізі жағалауынан 40-қа жуық өлі шабақ табылды

08/07/2025

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.