Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 1 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Наргиза Ерес sarapshy.info 12/12/2024

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ел назары ауған Талғардағы Шерзат Болаттың қазасынан соң қайғы жамылған отбасының жағдайы ушыға түсті. Марқұмның туыс ағасы  Нұрғанат Ғайыпбаев өзіне қол жұмсап, әкесі Қаржаубай Нұрымов пен туыстары 15 күнге қамалды. Әкесіне қатысты «Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2024 жылы 4 қазанында Алматы облысы Талғар ауданындағы «Қамажай» дүкенінің алдында әкесіне араша түспек болып, кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың өлімінен соң, оның отбасы толық полиция қарауында делінген еді.

Алайда, 9 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлап, қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Полиция департаменті дерегінше, ол өзіне қол жұмсаған. Нұрғанат 4 қазандағы жанжал кезінде інісінің жанында болды және жәбірленушінің бірі еді. Шерзат Болаттың әкесімен тілдескен Азаттық радиосы Нұрымов інісінің «өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін, оның өлемін деген ниеті болмағанын» айтады. 

10 желтоқсанда полиция Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады.

«15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға орын алды»,  — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаменті.

Хабарламада Н есімді азаматтың айналасындағыларға қауіп төндіріп, өзін агрессивті ұстағаны, суицид жасаймын деп қорқытқаны, полиция қызметкерлеріне пышақпен шабуылдағаны жазылған. 

«Азамат Н. жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдады. Азамат Н. ең аз қажеттілік күшпен құрақталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр»  — делінген хабарламада.

Әкімшілік сот шешімен Нұрымов «қоғамдық тәртіпті бұзғаны» және «бұзақылық жасағаны» үшін айыпталып, 15 күнге қамауға алынды. Одан бөлек Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Реймова «халықты митингіге шақырғаны» үшін деген айыппен, ол да 15 тәулікке қамалды. Отбасы адвокаттары сот шешіміне қарсы аппеляциялық шағым түсіретінін айтқан еді. Сондай-ақ қарындасы Салтанат Нұрымоваға айыппұл салды.

Бұдан бөлек, отбасының тағы бір туысы шетел азаматы ретінде Қазақстаннан мәжбүрлі түрде шығарылатын болды.

11 желтоқсанда сот үкімімен Қаржаубай Нұрымовтың Айғазы есімді тағы да бір туысы 15 күнге қамалды. Бұл жайында Шерзат Болат отбасының адвокаттары мәлімдеді.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың  оқиғасына қатысты тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын журналистерге берген комментарийінде айтты.

 «Қылмыстық іс бойынша 11 адам қамауда отыр», — деді ол.

Бүгін, яғни 12 желтоқсанда Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты ҚР ҚК 202-бабы бойынша (Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы бірінші адвокат Асқар Қаймақов мәлімдеді. Кейіннен Алматы облысының полициясы да ақпаратты растады.

«10 желтоқсанда азамат Қ. Нұрымов бұзақылық және көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау фактісі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөз сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, сонымен қатар басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, атап айтқанда, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады. Іс-әрекетке тоқтамай, айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды тағайындады. Сонымен қатар, полиция бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді», — делінген хабарламада.

Қоғамда резонанс тудырған бұл оқиға ел назарында. Істің әділ қаралуы үшін қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылар жағдайды бақылап отыр. 

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді «Қаржаубайдың эмоциональдық жағдайын түсінуге болатынын» айтып, әрі қарай аппеляциялық сот шешеді деді.

Естеріңізге сала кетейік, марқұм Шерзат Болаттың қазасынан соң 12 қазанда Талғар маңындағы Азат ауылында Шерзат Болаттың ата-анасы тұратын үйі өртенген еді.

Сурет: Newsroom.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Айғазы Айтбек Амангелді бұзақылық жасағаны Бұзақылық фактісі Кісі қолынан қаза тапқан Қаржаубай Нұрымов қоғамдық тәртіпті бұзғаны қылмыстық іс Нұрғанат Ғайыпбаев Талғар халықты митингіге шақырғаны Шерзат Болат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.