Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың бестен бірі елден көшкісі келетінін айтты
Наргиза Ерес sarapshy.info 05/12/2024

Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың бестен бірі елден көшкісі келетінін айтты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Әр бесінші Қазақстан азаматы елден көшуді ойлайды. Бұл ақпаратты Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросы «Қазақстандықтардың шетелге кеткен білікті мамандар туралы ойы» деген тақырыпта  жүргізген сауалнама нәтижесіне сүйеніп жариялады.

Сауалнама нәтижесінде респонденттердің 21%-ы елден көшу туралы ойланады. Олардың ішінде 6,9%-ы алдағы 2-3 жылда көшуге ниетті болса, 5,6%-ы көшуге мүмкіндік іздейді. Ал 8,4%-ы белгілі бір жағдай туындаса, шетелге көшу мүмкіндігін қарастырып отыр. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 78,5%-ы жақын арада елден кету жоспары жоқ екенін айтты.

Әр бесінші азаматтың шет елге көшуді ойлауына негізі себеп — төмен жалақы мен жарқын болашаққа сенімнің болмауы. Қызық жайт, сауалнамаға қатысқан жастардың көбі шет елге көшудің себебі – сапалы білім алуға және өзін-өзі дамытуға ұмтылыс деп көрсетсе, ал орта және үлкен жастағы топтар өздері мен балалары үшін елде мүмкіндік жоғын айтқан.

Дегенмен көшуге ниет білдірген респонденттер – жастар мен орта жастағы адамдар.

«18-29 жас аралығындағы жастардың шамамен 25%-ы көшу туралы ойланса, 30 жастағылар арасында бұл көрсеткіш 30%-ға жақын. Одан кейінгі жас санатындағы әр оныншы адам нақты көшуге ниетті (10,7% – «алдағы 2-3 жылда көшуді жоспарлап отыр») – делінген суалнамада.

Қосымша айтылған себептер: Сапалы медициналық қызмет (4,9%), Кәсіби өсу мүмкіндігі (4,4%), Қолайлы экология мен климат (3,8%), Саяхаттау (3,3%), Өмір сүруге қауіпсіз жер (3%), Туыстарға жақын жерге көшу (2,6%), Ортасын кеңейту (1,3%), Бизнес дамыту (0,7%), Тарихи отанына оралу (0,6%).

«Осы уақытқа дейін елден кеткен тұлғалардың арасында сұранысқа ие техникалық мамандық иелері (1,2 мың адам), экономистер (589 адам), педагогтар (385 адам), сәулетшілер мен құрылысшылар (261 адам), сондай-ақ заңгерлер (170 адам) үлесі көп» — екенін айтады.

Айта кетейік, сауалнама 2024 жылғы 13-24 қараша аралығында PaperLab зерттеу орталығымен бірлесе отырып жүргізілген. Оған Қазақстанның 17 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкенттен 1100 адам қатысқан.

Сауалнама нәтижесіне сүйеніп, авторлар: «Мемлекеттік басқару сапасын арттырмай және кәсіби кадрларды қолдауға бағытталған шаралар қабылдамай, Қазақстаннан білікті мамандардың кету тенденциясын өзгерту өте қиын болады», — дейді.

Cурет: pexels.com

 

 

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
PaperLab зерттеу орталығы Елден көшу өзін-өзі дамыту Сапалы медициналық қызмет сауалнама саяхаттау Төмен жалақы шет елге көшу экология мен климат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.