Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 6 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»«Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары ереуілге шықты (ВИДЕО)
Наргиза Ерес Өте өзекті 03/02/2025

«Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары ереуілге шықты (ВИДЕО)

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 3 ақпан, кешкі сағат 19:00 шамасында Орал қаласының іргесіндегі «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары мәселелеріне назар аударту үшін іргелеріндегі айналма жолды жапты. Аталған ауданда тәулік бойы жарық болмаған. Айтуларынша, бұрынғы серіктестік төрағасы жарықтың ақшасын электр желілері компаниясына төлемей кеткен.

Дәл қазір аудан тұрғындарының «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ына қарыз мөлшері 71 млн теңгеге жеткен. Сол себепті таңертеңгі сағат 11:00-ден бастап ауданның жарығын өшіріп тастаған. Шамамен бұл ауданда екі мың екі жүзден астам үй бар.

Бау-бақша серіктестігі болып саналғандықтан мұнда 1 кВт/сағ электр энергиясының құны қазіргі уақытта 1 кВт үшін 32,60 теңге. Ал Орал қаласы бойынша орташа тариф — 28,16 теңге. 

Қыстың күні жарық пен жылудың өшкеніне наразы халық жиналып, шағымдарын білдіруде.

Тұрғындардың айтуынша, осы уақытқа дейін электр энергиясының ақшасын ауданның бұрынғы төрағасы Асылбек Қабесовтың Kaspi нөміріне аударып отырған. Кей жағдайда серіктестік төрағасы отырған кеңсеге барып, қолма-қол төлеп жүрген.

«Құс фабрикасы» ауданының бес жылдан бергі тұрғыны Азиза бұрынғы төрағаның кезінде өшпеген жарық, енді неге өшеді дейді. Осы уақытқа дейін бұрынғы төрағадан қарыздың сұрауы болмағанына таңғалады.

“Қыстың күні үйдің іші салқын. Балалар сабақтан келді. Халық ашынғаннан осында шықты. Бұрынғы төрағаның қарызы жабылмай, жарықты қоспаймыз дейді. Осы уақытқа дейін бұрынғы төраға қарызды неге жаппаған? Оған неге халық кінәлі? Бізде лицевой счет (жеке шот) жоқ. Бұрынғы төраға Асылбек Қабесовтың счетына немесе конторға келіп, қолма-қол төлеп жүрдік. Халық қарыз емес. Ай сайын жарықтың, газдың ақшасын төлеп тұр. Қалалық электр желілері бастығынан сұрап жатырмыз, олар осы уақытқа дейін бұрынғы төрағадан неге сұрамаған? Есеп сұрамай ма? Ал қазір жаңа төрағаға келіп, «жарықты өшіреміз. Сендер мына қарызды төлеуге міндеттісіңдер» деген нәрсені неге қойып тұр деймін” — дейді тұрғын.

Ал Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясының Бақылау және есеп жөніндегі директор Рүстем Нұрболатұлы шағым түскеннен кейін жарықты өшіріп тастағанын айтады. Әр тұрғынға жеке шот ашу үшін техникалық жағдай (техусловие) керек дейді.

«Бізге Зачагандағы бау-бақша серіктестігінің электр қуатын өткеру жөнінде 72 млн теңге қарызы бар екені туралы шағым түсті. Біз жарықты сол үшін өшіріп тастадық. Шарт бойынша тек он трансформатор бар. Сол он счетчик бойынша шығады. Біздер әрбір үйге кіре алмаймыз. Әрі қарай әрекетті әкімдік шешу керек», — дейді.

Ал «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің қазіргі төрағасы Асхат Әнесұлы әлі «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-мен келісімшартқа отырып үлгермегенін айтады:

“Қазіргі халықтың көтеріліп жатқан себебі — РЭК-ке («Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС) осы аудан тұрғындарының жарыққа  бережақ болғаны. Маған дейінгі тағайындалған төраға Асылбек Қабесов ақшаны РЭК-ке төлемей келген. Қазіргі кезде 71 млн теңге болған. Олар келді де жарықты өшіріп тастады. Ал мен ақшаны төлеп үлгерген жоқпын. Маған төле деп жатыр. Мені әлі РЭК-пен келісімшартқа отырған жоқпын”, — дейді.

Толығырақ YouTube арнамыздағы репортаждан көре аласыз.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, сараптама мен шолу оқыңыз!

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Құс фабрикасы» баубақша серіктестігі Асылбек Қабесов Басты ақпарат Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы құс фабрикасы Орал Птицефабрика электр энергиясы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025
жаңалық

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

17/04/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.