Шымкент әкімдігінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Алматы қаласын дамыту орталығының басшысы болып тағайындалды.
Орталық қаладағы көлік, кептеліс, инвестиция және туризм салалары бойынша жобаларды іске асыруға, сондай-ақ урбанистік бастамаларды жылдам енгізумен айналысады.
Берденов бұған дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылдың сәуір айында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының алдында «Тұрғын Үй Шымкент» компаниясының басшысы Ернар Жиембай Руслан Берденовке оқ атты. Денесіне 60-тан астам қорғасын оқ тиген Берденов бірден ауруханаға жеткізілді.
Ернар Жиембай – Шымкент әкімдігінің тендерін ұтып алған ЖШС-нің иесі. Ол сот отырысында қылмысқа әйелін Берденовке қызғанған соң барғанын мәлімдеді. Алайда тергеу кезінде қылмыскер мен зардап шегушінің жұмыстағы жанжалы жайлы дерек анықталды.
Прокурор айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот шешімімен Ернар Жиембай 9 жылға түрмеге қамалды.
фото: Шымкент қаласының әкімдігі

