Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Рубль бағамы одан әрі әлсіреуі мүмкін. Бұл теңге үшін несімен қауіпті?
Ақбота Ахмет sarapshy.info 26/11/2024

Рубль бағамы одан әрі әлсіреуі мүмкін. Бұл теңге үшін несімен қауіпті?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресейлік импорттаушылар рубль бағамы одан әрі әлсіреуі мүмкін деп есептейді. Сондықтан олар алдағы айларға тауар бағасын 1 долларға 120-125 рубль деңгейінде есептеуге көшкен. Бұл туралы «Коммерсант» басылымы хабарлады. 

Рубльдің құнсыздануы Ресей Федерациясында тауар бағасының одан әрі өсуіне әкеліп соғады. Ал Қазақстан инфляцияны ресейлік тауарлармен бірге импорттайтыны анық.Бұған қоса Қытай тауарларының біразын Ресей Федерациясы арқылы әкелетініміз тағы бар.

Бұл ретте 2024 жылғы қараша айының басынан бері рубль долларға қатысты 7%-ға әлсіреді және 1 доллар үшін 100 рубльден, 26 қараша 105 рубльге дейін тағы құнсыздана түсті.

Ал Қазақстанда қалай? Соңғы аптада 1 доллар 500 теңге бағамына халықтың көзі үйрене бастады. Айта кетейік, теңгенің рубльге байланғанына қатысты әртүрлі пікірлер бар. Кей сарапшылар көрші ел валютасының төл теңгемен байланысын жоққа шығарады. Өзгелері Ресейден келетін импорт үлесін (28%) алға тартып, теңгеге қысым жасайтын негізгі фактор екенін айтады.

Дегенмен, Ұлттық банк қазіргі әлсіреу Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін басталған дамушы елдердің барлық валюталарына қатысты доллардың нығаюымен байланысты деп түсіндірді.

Алайда Қазақстанның негізгі экономикалық серіктесінің валютасына қатысты жағдай теңгенің динамикасына әсер етпей қоймайтыны анық. Оны қазіргі бағамнан байқауға болады. ҚР Ұлттық банкінің ресми мәліметі бойынша, 26 қарашадағы доллар бағамы 498,51 теңге (бір күн бұрын – 498,34), еуро – 522,84 теңге (519,72), рубль – 4,81 теңгені (4,85) құрады.

Ресей билігі бағам реттеледі деп уәде етті

Ресейдің Экономикалық даму министрлігі келесі жылы рубль тұрақты болады деп мәлімдеді. Бұл ретте ведомство федералды бюджет 1 долларға 96 рубльдің орташа бағамымен жасалатынын хабарлады.

Ресей Қаржы министрі Антон Силуанов қазіргі рубль бағамы экспорттаушылар үшін қолайлы деп есептейді.

«Мен бағам ыңғайлы немесе ыңғасыз екенін айтпаймын. Мен тек бүгінгі валюта бағамының экспорт үшін өте қолайлы екенін айтып отырмын», — деді министр.

Оның айтуынша, экспортта айырбас бағамы валюта бағамнан маңыздырақ.

Рубльдің құлдырауына не себеп?

Ресей валютасының әлсіреу себептерінің бірі – АҚШ-тың жаңа санкциялар пакеті. Өткен аптаның соңында АҚШ Қаржы министрлігі Ресей Федерациясындағы 50 банкке шектеулер енгізді. Оның қатарында мемлекеттік «Газпромбанк» бар. Осыдан кейін бар болғаны үш күннің ішінде рубль долларға шаққандағы 4%-дан астам құнсызданды. Дәл осындай жағдай рубль-юань жұбы бойынша да тіркелді.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы маусым айында Мәскеу биржасы АҚШ санкцияларына ұшырағаннан кейін сауда алаңы доллар және еуро валюта жұптарымен сауда жасауды тоқтатты. Ал Ресей Банкі америкалық және еуропалық валюталардың ресми бағамын есептеудің жаңа әдісіне көшті.

21 қарашадағы жағдай бойынша рубльдің долларға шаққандағы ресми бағамы 100,2 рубльді, ал еуроға қатысты 105,8 рубльді құрады.

«Қызыл ақшаға» қатысты болжам

Бұл ретте сарапшылар алдағы үш жылдағы валюта бағамына қатысты болжамдарын да қайта қарады. 2025 жылы олар доллар 95 рубль болады деп болжап отыр бұрын – 94,4 рубль). 2026 жылы – 97,5 (бұрын – 96,4 рубль), 2027 жылы – 99,7 рубльге (бұрын — 98,9 рубль) тұрақтауы мүмкін.

Ал РФ Экономикалық даму министрлігі 2024 жылы доллар бағамы 93,8 рубль, ал 2026 жылы 100 рубль болады деп болжаған. Байқап отырғанымыздай құзырлы ведомство болжамы қазірдің өзінде орындалған жоқ.

Сурет: Depositphotos.com

 

Автор

  • Ақбота Ахмет

    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген. «Хабар», Caspionet, «Білім және Мәдениет» телеарналарында редактор- сценарист, Atameken Business медиа холдингіне қарасты inbusiness.kz сайтында тілші болған.

    Барлығын қарау
Дональд Трамп ҚР Ұлттық банк Қызыл ақша Ресей валютасы Рубль теңге
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Ресей Киевке шабуыл жасамайтынын растады

30/01/2026
Шолу

Трамптың Мадуроны тұтқиылдан тұтқындауы: АҚШ пен Венесуэлада не болып жатыр?

05/01/2026
Әлем жаңалықтары

Венесуэладағы маңызды нысандарға соққы жасалды. АҚШ-тың қатысы бар ма?

03/01/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.