Ресей Федерациясының күштік құрылымдары маркетплейстердегі қолданушылардың жеке дерегін бірден анықтауға мүдделі. Forbes ақпараты бойынша РФ-да осыған байланысты жаңа заң жобасы ұсынылған.
Бір тәулік ішінде компнаиялар user-агент (браузер пайдаланушы идентификаторы), UID (бірегей идентификатор, сайттағы бірегей пайдаланушы идентификаторы), IMEI (халықаралық мобильді жабдық идентификациясы, мобильді жабдық идентификаторы), IMSI сәйкестендіру модулі (SIM картасы), MAC мекенжайы (медиа қол жеткізуді басқару, желідегі құрылғы нөмірі) туралы ақпаратты жолдауы тиіс. Оған қоса серверді пайдаланған құрылғының нақты мекенжайы көрсетілуі керек.
Барлық дерек ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимыл жүйесі арқылы құқық қорғау органдарына жіберіледі. Егер жоба мақұлданса, 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Агрегаторлар осы талапқа бағынуға тиісті болады.
РФ Цифрлық даму министрлігі бұл қадам киберқылмысқа қарсы күресу үшін керек екенін хабарлаған. Интернет-алаяқтыққа тосқауыл жасау үшін ресейліктердің шетелдік SIM-картадан шалынған телефон қоңырауды қабылдауына тыйым салу нормасы да ұсынылған.
30 мамырдан бастап Ресейдің шекара бекеттерінде жаңа талаптар қолданысқа енді. Әрбір шетелдік 72 сағат бұрын RuID қосымшасы арқылы өтінім жібереді. Цифрлық плафторма арқылы өзінің суретін, келу мақсатын баяндап, басқа анкеталық сауалдарға жауап береді. Қазақстандықтар да шекарадан өтпес бұрын биометриялық дерегін беруге міндетті.
фото: pixabay