Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Ресей әлде Украина? Венгрия Еуроодақпен дауласып жатыр
Дария Ғұмар Саясат 28/08/2025

Ресей әлде Украина? Венгрия Еуроодақпен дауласып жатыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

25 тамызда Еуроодақ соты Венгрияның ЕО-ға қарсы жазған арызы бойынша іс қозғады. Венгрия Еуроодақтың бұғатталған ресейлік активтерден түскен табысты Украинаға көмекке бағыттау туралы шешіміне наразы, деп хабарлайды Portfolio.

Будапешт тарапының айтуынша, аталған шешім дауыс беру рәсімін айналып өтіп, елдің вето құқығы ескермей қабылданған.

15 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасында келіссөз өтті. Келіссөз барысында Трамп Ресей “арнайы әскери операция” атайтын қақтығыстың нүктесін қоюға қадам жасады. 18 тамызда Трамп Зеленский мен Путиннің басын қосып, ортақ саммит ұйымдастыруға дайындықты бастағанын мәлімдеді.

Deutsche Welle мәліметінше, Зеленский Путинмен келіссөз тек Еуропаның бейтарап аумағында өтуі керек екенін атап өтті. Ол Швейцария, Австрия немесе Түркия сияқты елдерге баруға қарсы емес.

Украина президенті Владимир Зеленский Венгрия астанасы Будапештті келіссөздер алаңы ретінде «даулы нұсқа» деп атады.

«Мен Венгрияның саясаты Украинаға толық қарсы болды дей алмаймын. Бірақ ол қиын кездеУкраинаға қолдау көрсете алмады», – деді Зеленский.

Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан НАТО-ның ортақ мүддесін атап көрсетіп, ресейлік банктерді SWIFT жүйесінен ажырату және Ресей ұшақтары үшін ЕО әуе кеңістігін жабу жөніндегі шешімдерге кедергі келтірмеді. Венгрия сонымен бірге босқындарды қабылдап, НАТО күштерін өз аумағына орналастыруға келісім берді. 

Будапешттің бұл шешімі Мәскеуге қарсы екенін көрсеткендей болды.

2022 жылдың сәуірінде Венгрияның сыртқы істер министрі Петер Сийярто Украинаның елшісін кездесуге шақырды.

«Венгрия жүздеген мың украиналық босқынды қабылдады және жүздеген тонна азық-түлік пен өзге де гуманитарлық көмек жеткізді.

Алайда біз азаматтарымыздың басын қауіпке тіге алмаймыз. Сондықтан Венгрия Ресейге қарсы қару-жарақ жеткізбейді және энергетикалық санкцияларға дауыс бермейді», – деп мәлімдеді ол кездесу барысында.

Мәскеу импорты маңызды

Венгрияның энергетикалық ресурстары тікелей Ресейге тәуелді. Ел билігі Мәскеудің әрекетіне осы себептен де көз жұмып отыр. Үкімет ресейлік энергия ресурстарынан бас тартудың мүмкін еместігін бірнеше рет мәлімдеді.

«Біз энергетика саласында Ресей Федерациясымен стратегиялық ынтымақтастықты жалғастырамыз. Қазір еліміз үшін ең маңыздысы – тариф бағасын әр отбасыға қолжетімді қылу. Ресейлік энерготасымалдаушыларсыз бұл мүмкін емес. Ресейлік компаниялар да бізбен әріптестікті жалғастыруға дайын», – деді сыртқы істер министрі Петер Сийярто.

Оның пікірінше, әзірше Ресейден келетін мұнай мен газға балама жоқ, ал басқа ұсыныстар ел үшін қымбат не сенімсіз.

  • 2022 жылдың шілде айы – Петер Сийярто Мәскеуге барып, қосымша газ жеткізу туралы келісім жасасты;
  • 2022 жылдың желтоқсан айы – Венгрия ЕО-ның Украинаға 18 млрд еуро көлеміндегі қаржылай көмегін бөгеді;
  • 2023 жылдың сәуір айы – Ресейден жеткізілетін газ көлемі артатыны белгілі болды.

Орбанның риторикасы

Премьер-министр «Бұл біздің соғысымыз емес» деп қайталап, қақтығысты тек Киев пен Мәскеудің шешуі тиіс екенін айтып келеді. Оның пікірінше, Батыстың әскери көмегі тек соғысты ұзартады. Виктор Орбан АҚШ-ты бұл даудың басты ойыншысы санап, «бейбітшілік Вашингтон қаласа ғана орнайды» деген пікір айтты.

Киев Будапешттің мұндай саясатын бірнеше рет қатты сынады. Бұл ұстаным Польша тарапынан да теріс қабылданды, Варшава тіпті Орбанға өткір сын айтты.

Қазір Венгрия «екі оттың ортасында» отыр: бір жағынан ел Еуроодақтың қаржылай қолдауына тәуелді, екінші жағынан, Ресейдің арзан энергоресурстарынсыз экономикасы әлсірейді.

фото: ЖИ-генератор

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Будапешт Венгрия Виктор Орбан Владимир Зеленский Владимир Путин Дональд Трамп Еуроодақ Петер Сийярто Ресей Ресей мен Украина Украина
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Украина мұнай құбырына қатысты Қазақстанның наразылық нотасына жауап берді

01/12/2025
Саясат

Ресейде WhatsApp мессенджеріне тыйым салынды

29/11/2025
Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.