Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Ресей Қазақстанды санкцияланған тауарларды тасымалдағаны үшін айыптады
Дария Ғұмар жаңалық 19/10/2025

Ресей Қазақстанды санкцияланған тауарларды тасымалдағаны үшін айыптады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ресей Федерациясы Қазақстан арқылы санкцияланған өнімдердің ел аумағына заңсыз жолмен қайта экспортталып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ресейлік «Россельхознадзор» баспасөз қызметі хабарлады.

«Россельхознадзордың» мәліметінше, электронды құрылғылар арқылы бақыланатын транзитке қарамастан, соңғы уақытта Ресейде санкцияланған жүктердің реэкспорты бірнеше рет тіркелген.

Таяуда Ресейдің Орынбор облысында маркалауы талапқа сай келмейтін төрт партия жаңа алмұрт тәркіленді. Оның бірі фитосанитарлық сертификатсыз, ал үшеуі қазақстандық сертификаттармен келген. Құжаттарда өнімнің шыққан жері Қазақстан деп көрсетілгенімен, жемістердің морфологиялық белгілері мен қаптамасы еуропалық «конференция» сортына тән болған.

2024 жылы Қазақстанда 203,8 тонна санкцияланған өнім анықталған, оның 180 тоннасы – Бельгиядан әкелінген алмұрттар.

Мәселе Ресейдің Ауыл шаруашылығы бақылау қызметінің басшысы Сергей Данкверт пен Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының кездесуі барысында көтерілді. Тараптар фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдау туралы келісімге келді.

 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты әлемнің 60 елі мен халықаралық ұйымдар Мәскеуге қатаң саяси және экономикалық санкциялар енгізді. Қазір Ресейге қарсы 30 159 санкция жұмыс істеп тұр.

Айте кетейік, 2025 жылдың шілде айында Еуроодақ Ресейге қатысты 18-санкциялық пакетті бекітті.

Ресейге көрсеткен қолдауы үшін Беларусь пен Иранға да санкциялар қолданылды.

фото: vetandlife.ru

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Ауыл шаруашылығы Еуроодақ Ресей Россельхознадзор Санкциялар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
Біздің сараптама

Ресей мен Жапония қарым-қатынасындағы шиеленіс

09/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.