Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сарапшы пікірі»ҚР Энергетика министрлігінің көмір өндірісін қадағалауы – тиімді шешім
Редакция Сарапшы пікірі 24/07/2025

ҚР Энергетика министрлігінің көмір өндірісін қадағалауы – тиімді шешім

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Үкіметтің тапсырмасы бойынша көмір өндірісін реттеу функцияларын Энергетика министрлігіне заң жүзінде беру процесі басталды. Бұл – көптен күткен шара.

Жыл сайын елімізде 110 млн тоннаға жуық көмір өндірілсе, соның 70%-ы ел ішінде қалады. Оның жартысынан көбі энергия өндіруші ұйымдарға жеткізіледі. Күзде өңірлерде көмірді халыққа жеткізуге байланысты жанар-жағар май және отын логистикасында қиындықтар туындайды (ел ішінде локомотивтік тарту күші жетіспейді). Сол себепті бұл мәселелердің бір мемлекеттік органның жауапкершілігінде болғаны дұрыс.

Осыдан 10 жыл бұрын көмір саласын реттеу міндеті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Энергетика министрлігіне жүктелген еді, бірақ лоббиден кейін Индустрия министрлігіне қайтарылды.

Қысқа мерзім ішінде көмір өндіруші компаниялардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізіліп, көптеген бұзушылық анықталды. Мысалы, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы миллиардтаған теңгеге міндеттемелерін орындамаған (бір ғана мысал). Кейбір көмір өндіруші кәсіпорындарда көмір қабаттарын дер кезінде газсыздандыру жүргізілмеген.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 153-бабының 2-тармағында былай делінген:

«Табиғи метан мөлшері жоғары көмір қабаттары бар кен орындарын алдын ала дегазациялау, желдету және қабаттық дегазациялау бағдарламаларын жүзеге асырмай өңдеуге тыйым салынады».

Ол кезде көмір өндіруші компаниялар айыппұлдар мен міндеттемелерін төлемей қойды. Себебі оларға Индустрия министрлігіне қайтып, сол жерде өзара келіскен оңай еді.

Көмір өндірісін салалық министрлік өз қол астына алатынына қуаныштымын. Шындығын айтсақ, бұл ірі компаниялардың (Қазақмыс, АМТ, ERG) заң талаптарын толық орындауын қадағалауды жеңілдетеді.

Нұрлан Жұмағұлов 

фото:  ortcom.kz

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
«Қазақмыс» корпорациясы ERG АрселорМиттал Көмір ҚР Энергетика министрлігі Машкевич Нұрлан Жұмағұлов Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Ипотеканы зейнетақы жинағы есебінен жабуға рұқсат беріледі

10/11/2025
жаңалық

Қазақстандық көмірдің Ресей порттары арқылы экспорты 34%-ға артты

10/11/2025
Сарапшы пікірі

Қазақстанда қатты бидай экспорты неге төмендеді?

01/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.