10 жылға бас бостандығынан айырылған Перизат Қайрат сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым берді. Бұл туралы оның адвокаты Асланбек Дәулетияров хабарлады.
25 шілде Перизат Қайратқа қатысты сот үкімі шықты. Ол аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 10 жылға түрмеге қамалды. Сот кулуарында адвокат Дәулетияров журналистерге комментарий берді.
«Тағылған айыпты заңсыз әрі негізсіз деп санаймын. Өз уәждерімді жабық сот отырысында айттым. Мен айыпталушыларды кінәлі деп есептемеймін, себебі сот тарапынан олардың кінәсін дәлелдейтін айғақтар ұсынылған жоқ», – деді ол.
7 жылға сотталған Ғайни Алашбаеваның соттың екінші инстанциясына шағым түсіретіні әзірге белгісіз.
Перизат Қайрат пен анасы қылмыстық жолмен алынған қаражатты алдын ала сөз байласу арқылы заңдастыру және аса ірі көлемдегі қаражатты заңдастыру баптары бойынша айыпталған.
Сот үкімі бойынша айыпталушылар 50 жәбірленушіге 1,5 млрд теңге өндіруі тиіс.
фото: Instagram/01pk

