15 қаңтарда Орал қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға шамамен сағат 09:23-те Құрманғазы көшесінде, «Школьник» сауда үйінің қарсы бетінде болған. Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Қазіргі кезде апатқа қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, 14 қаңтарда Орал қаласында төрт автокөлік түйісіп, апат салдарынан бес адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғасы Зашаған кентіндегі С. Айтқұлов пен Жәңгір хан көшелерінің қиылысында болды.
фото: 2GIS

