Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Орал әкімдігі заңсыз берген 100 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 17/10/2024

Орал әкімдігі заңсыз берген 100 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласы әкімдігі заңсыз берген 100 гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті Орал қаласының әкімдігі мен жер қатынастары бөліміне қатысты жер заңнамасының нормаларын сақтау бойынша субъектіге (объектіге) барып профилактикалық бақылау жүргізді. Әкімдік АҚ-ға ауданы 119,7 га жер учаскесін заңсыз бергені, сол арқылы ҚР Жер кодексінің 48-бабын бұзғаны анықталды», — деп жазды АШМ.

Айтып өтелік, индустриялық аймақты ұйымдастыруға арналған учаске Орал–Самара тасжолының бойында орналасқан.

«Бүгінгі күні нұсқама талаптарына сәйкес жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды», — делінген хабарламада.

Жыл соңына дейін 1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылады

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлаған еді. Мемлекет меншігіне өтуі тиіс учаскелердің көбі – кезінде заңсыз берілген немесе пайдаланылмай бос жатқан.

Оның дені – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарына тиесілі. Жалпы соңғы төрт жылда мемлекетке 17 миллион гектар жер қайтарылған. Соның есебінен жайылым тапшылығы 29 миллион гектардан 8 миллион гектарға дейін, яғни төрт есе қысқарды.

Сондай-ақ жерге үлесі бар 11 мың адамның құқығы қорғалды.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
100 гектар БҚО Заңсыз берген жер Мемлекет Орал әкімдігі Орал қаласы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.