Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 1 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Орал қаласының әуежайына «ашық аспан» режимі енгізілді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 14/10/2024

Орал қаласының әуежайына «ашық аспан» режимі енгізілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысының ұшу географиясын кеңейту және халықаралық ұшулар санын ұлғайту тапсырмасы аясында Орал қаласының әуежайында «ашық аспан» режимі енгізілді. Яғни 5-ші дәрежелі «әуе еркіндігін» пайдалану құқығы берілді.

Тиісті құжатқа Көлік министрі Марат Қарабаев қол қойды. Демек қазіргі таңда елде 15 әуежай «ашық аспан» тәртібіне сәйкес жұмыс атқарады.

Олардың қатарында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей, Түркістан, Қостанай және Орал қалаларының әуежайлары бар.

«Ашық аспан» тәртібін енгізу жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді. Бұл ұшулар шетелдік әуе компаниялардың Қазақстан қалалары арқылы үшінші елдердің қалаларына ұшуын білдіреді. Сонымен қатар Орал қаласы тұрғындарының өтініші бойынша авиарейстерді орындау кестесі түнгі уақыттан күндізгі және кешкі уақытқа қайта жоспарланды. Қала тұрғындарының өтініші назардан тыс қалған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні Орал қаласы әуежайында бес ішкі (Астана, Алматы, Түркістан, Атырау, Ақтау) және бір халықаралық бағыттағы (Франкфурт) рейстер қарастырылған. Бір аптада 32 рейс орындалады», — деп хабарлады Көлік министрлігі.

Аптасына 778 халықаралық рейс

Қазақстан халықаралық рейстер географиясын кеңейтіп жатыр. Бүгінгі таңда біздің елден 32 елге тікелей ұшуға болады. Қазіргі уақытта 132 халықаралық әуе бағыты бар.

Қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары аптасына 778 халықаралық рейс орындайды.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі шет мемлекеттердің авиациялық билік органдарымен ынтымақтастықты кеңейту бойынша үнемі келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл қолжетімді бағыттардың санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Биыл Алматыдан Мумбай, Бейжің, Куала-Лумпур, Иркутск, Эль-Алаймен, сондай-ақ Ақтөбе–Шарм-эль-Шейх қалаларына жаңа әуе бағыттары ашылды. Оңтүстік-шығыс Азиядағы ең ірі лоукостердің бірі – малайзиялық «Air Asia X» әуе компаниясы Астанадан Душанбе, Прага, Сеул, Ақтау–Минеральные воды қалаларына тұрақты рейстерді қалпына келтірді, ал қытайлық «China Southern Airlines» әуе компаниясы Алматы–Үрімші бағыты бойынша рейстер санын көбейтті.

Австрияға тікелей рейс ашылады

Қазақстан мен Австрия арасындағы тікелей рейс 2025 жылдың көктемінде іске қосылады.

Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесінің 9-шы отырысын өткізу кезеңінде ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегацияның құрамында СКАТ авиакомпаниясының вице-президенті Владимир Сытник пен ҚР Австриядағы елшілігінің өкілдері, Австрияның туризм жөніндегі мемлекеттік хатшысы Сюзанна Краус-Винклер және Вена әуежайының бас директоры Юлиан Йегермен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Австрия арасында 2025 жылдың көктеміне жоспарланған СКАТ әуекомпаниясының аптасына екі рет жиілікпен тікелей рейсін ашу, сондай-ақ туризмді дамытуды визалық қолдау мәселелері талқыланды.

Нұртай Текебай

Сурет: gov.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Ашық аспан» режимі 2024 БҚО Көлік министрі Марат Қарабаев Орал қаласының әуежайы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.