№57 Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (ҚАЖД) мекемесінің бұрынғы бастығы П. Писарев пен №12 ҚАЖД мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Е. Бөлекбай пара алу ісі бойынша бас бостандығынан айырылды.
Үкімді Қонаев қаласының соты шығарды.
Алматы облысы прокуратурасының прокурорлары олардың түрмедегілерге қамқорлық көрсеткенін және тыйым салынған заттарды кедергісіз алып өту үшін пара алғанын анықтады.
Сотталушылардың кінәсі дәлелденіп, П.Писарев келтірілген айыптар бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға, Е. Бөлекбай пара алу ісі бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олар жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіз мекемесінде өтейді.
2024 жылы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) басшылары мен қызметкерлеріне қатысты бірнеше сыбайлас жемқорлық және қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сот үкімдері шықты.
Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Қанат Зияновтың «Оператор РОП» компаниясының бұрынғы жетекшісі Медет Құмарғалиевке түрмеде қолайлы жағдай жасағаны үшін сотталды.
Өскемен қаласының соты №17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспекторын жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды. Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.
Сурет: Орталық Коммуникациялар қызметі