Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Обырды емдеу орталықтары ашылады: Денсаулық сақтау министрлігі мен түркиялық «Orhun Medical» компаниясы келісімге қол қойды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 01/11/2024

Обырды емдеу орталықтары ашылады: Денсаулық сақтау министрлігі мен түркиялық «Orhun Medical» компаниясы келісімге қол қойды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен Түркияның «Orhun Medical» компаниясы онкологиялық аурулары бар пациенттер үшін емдеу және диагностиканың сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған ауқымды жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойды.

«Жабдықталған орталықтардың ашылуы онкологиямен ауыратын науқастарға шетелге шықпай-ақ, ел ішінде әлемдік стандарттар деңгейінде жоғары тиімді диагностика мен қауіпсіз ем алуға мүмкіндік береді. Жаңа технологиялардың көмегімен обырды дұрыс және уақтылы емдеу аурудың анықталуын жақсартуға, өмір сүрудің бес жылдық шегі бар пациенттердің үлесін арттыруға, онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға жол ашады», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Келісімнің шеңберінде Алматы қаласында ПЭТ/КТ, БФЭКТ/КТ үшін талап етілетін радиофармпрепараттарды өндіру үшін ғимарат салу және арнайы жабдықпен – циклотронды кешенмен жарақтандыру көзделген.

Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында компьютерлік томографиямен (ПЭТ/КТ) біріктірілген позитрондық-эмиссиялық томографияның жаңа орталықтары құрылады.

Алматы қаласында қатерлі ісіктерді диагностикалау мен терапияның прогрессивті кешенді әдістерін енгізу үшін бір фотондық-эмиссиялық томографиямен және компьютерлік томографиямен ұштастыра отырып радиоизотоптық препараттар қолданылатын Тераностика орталығын ашу жоспарланған.

«ПЭТ/КТ зерттеуі – КТ, МРТ және ультрадыбыспен анықтау қиын онкологиялық ауруларды ерте кезеңдерде анықтауға, аурудың күрделілік дәрежесін, оның ағзада таралуын анықтауға және дұрыс емдеуді тағайындауға мүмкіндік береді», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Айтып өтелік, жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады. 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, есепте 200 мыңнан астам қазақстандық тұрады. Өкініштісі, елімізде онкологиядан өлім көш бастап тұр.

Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрлігі Обырды емдеу орталықтары Түркиялық «Orhun Medical» компаниясы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026
жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.