Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 шілде
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Непалда әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы заң Z-буынының көтерілісіне ұласты
Дария Ғұмар жаңалық 13/09/2025

Непалда әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы заң Z-буынының көтерілісіне ұласты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың қыркүйегінде Непалда саяси ахуал күрт шиеленісіп, елде көтеріліс басталды. Халық билік институттарын, тіпті үкімет сарайын да басып алды. Жаппай толқуларға түрткі болған – әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы заң. Алайда BBC сарапшыларының айтуынша, бұл тек сылтау. Наразылықтың негізгі себебі – елдің ұзақ жылдан бері қордаланған әлеуметтік және саяси мәселелері.

Непал соңғы онжылдықтарда түрлі билік жүйесін бастан өткерді. Елді ұзақ уақыт бойы индуизм мен буддизмге сүйенген монархия басқарып келді. Кейін маоистер мен марксист-лениншілердің ықпалы күшейіп, 2008 жылы монархия жойылып, республика жарияланды. Содан бері билік тізгінін кезінде революция жасаған солшыл күштер ұстап отыр.

Adnan Abidi/Reuters

Қазіргі көтерілістің басты қозғаушы күші – жастар, әсіресе Z-буыны. Әлеуметтік желілер олардың күнделікті өмірінің бір бөлігі болғандықтан, биліктің тыйымы ашу-ызаны одан әрі өршітті.

Олар «Әлеуметтік желіні жаппа, жемқорлықты жап» деген жалаумен ел астанасы Катманду көшелерінде митинг бастады.

Subaas Shrestha /NurPhoto/Getty Images

28 жастағы шеруші CNN басылымына сұхбат берді.

«Әлеуметтік желілерге тыйым салу көтерілістің басты себебі болып көрінгенмен, мыңдаған адамды сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық пен мемлекеттік биліктегі шикіліктер мазалап отыр», – деді ол.

Көтеріліс кезінде 51 адам қаза тауып, мыңнан аса адам жараланды. 12 мыңнан астам қылмыскер түрмеден қашып кетті, олардың көп бөлігі әлі ұсталған жоқ.

Экономикалық тұрғыдан алғанда да шығын орасан: инфрақұрылымға келген залал көлемі 1,4 миллиард доллардан асты. 9 қыркүйекте шерушілер бұрынғы премьер-министр Джаланат Ханалдың үйін өртеді. Бұның салдарынан оның жұбайы тірідей отқа оранып көз жұмды.

Экономикалық тоқырау

Қазір Непалда 30 миллион адам тұрады, олардың жартысына жуығы – 30 жасқа толмаған жастар. Елде білімі бар мыңдаған жас жұмыс таба алмай жүр теңселіп жүр.

Елде импорт экспорттан он есе көп. Халықтың 75%-ы ауыл шаруашылығында еңбек етсе де, табыстары мардымсыз.

Гималайдың етегінде орналасқан елде туризм пандемиядан кейін қалпына келмей, бюджет тапшылығы арта түсті.

Аталмыш теңсіздік пен тоқырау жастардың наразылығын тудырып, шеруге шығуға итермеледі.

Биліктің жауабы

Мемлекет көтерілістердің күшеюі нәтижесінде әлеуметтік желілерге қойылған тыйым алынып тастауға мәжбүр болды.

Президент Рам Чандра Паудел мен премьер-министр Шарма Оли шеру басталған күні-ақ отставкаға кетті.

Шенеуніктердің көбі қақтығыстар кезінде қауіпсіздік мақсатында тікұшақтармен эвакуацияланған. Kathmandu Post дерегінше, тек премьерді көшіруге кемінде бес тікұшақ жұмылдырылған.

9 қыркүйекте уақытша үкіметтің басшысы болып 73 жастағы Сушила Карки тағайындалды. Ол – Жоғарғы соттың бұрынғы төрайымы әрі Непал тарихындағы алғашқы әйел премьер-министр.

Ерекше жайт – оның кандидатурасын жастар қозғалысы өкілдері Discord әлеуметтік желісінде дауыс беру арқылы қолдады.

фото: Adnan Abidi/Reuters

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Discord Z-буыны Әлеуметтік желілер Билік жұмыссыздық Катманду Көтеріліс митинг Непал Саяси дау халық наразылығы шеру
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Шілде 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.