Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 10 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»«Назарбаевтың күйеу баласы, Тоқаевтың жиені..». Мұнай-газ элитасында кімдер бар?
Дария Ғұмар Саясат 29/08/2025

«Назарбаевтың күйеу баласы, Тоқаевтың жиені..». Мұнай-газ элитасында кімдер бар?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Отандық мұнай-газ саласының элитасы анықталып, ең беделді тұлға ретінде министр Ерлан Ақкенженовтың аты аталды. Бұл ақпарат«ҚазСервис» мұнайсервистік компаниялар одағы жариялаған рейтингте мәлім болды.

2025 жылы мұнай саласының ең беделді адамы болып ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов танылды. Тізімде министрдің орынбасарлары Әлібек Жамауов, Құдайберген Арымбек пен Ілияс Бақытжан да бар.

Екінші орынға Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, қаржы секторында, соның ішінде «Халық Банкінде» ықпалын сақтап отырған Тимур Құлыбаев жайғасты.

Үшінші орынды «PSA» ЖШС басшысы Бекет Избастин иеленді.Ақпарат құралдары Избастинді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені екенін жазып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» АҚ-ның басқарма төрағасы Асхат Хасенов 8-орында тұр. Тізімнен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг», «Теңізшевройл», «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» секілді кен орындарының бас директорлары мен орынбасарларының есімін табуға болады.

Рейтингтің соңғы орындарын Centrasia Group компаниясының басқарма төрағасы Алмас Құдайберген, Bolashak Group және «Мұнай-газ саласының ардагерлері» ұйымының бас директорлары Алма Нысанбаева мен Анатолы Тегісбаев иеленді.

Рейтингті қалыптастыру кезінде бірнеше негізгі көрсеткіш есепке алынған: компаниялардың нарықтық құны мен капитализациясы, мұнай өндіру және қайта өңдеу нарығындағы үлесі, мемлекетке төлеген салық көлемі, қызметкерлердің саны мен кәсіби деңгейі, сондай-ақ жобалардың сала мен ел үшін стратегиялық маңызы. Бағалау жұмысына 15-тен астам тәуелсіз сарапшы қатысты. Олардың қатарында аналитиктер, салалық журналистер және ірі компаниялардың өкілдері бар.

Былтырғы үштік

2024 жылы алғашқы үштікті Алмасадам Сәтқалиев (бұрынғы Энергетика министрі), Асхат Хасенов («ҚазМұнайГаз» ҰК басшысы) және Тимур Құлыбаев құрады. Ал Бекет Избастин ол кезде төртінші орынға табан тіреді.

2025 жылғы рейтингтің тағы бір ерекшелігі – 5-тен 7-орынға дейін энергетика вице-министрлері орналасқан. Ал «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қазіргі жетекшісі былтырғы жоғары позициясынан түсіп, сегізінші орынға тұрақтады.

Ұйым аталмыш рейтингті қыркүйектің алғашқы жексенбісінде атап өтілетін Мұнайшылар күніне орай жариялайды.

Еліміздің мұнай-газ саласындағы ықпалды тұлғалар рейтингін қарастырумен қатар, саладағы табыстың өңірлерге қалай әсер етіп жатқанын да назардан тыс қалдыруға болмайды.

Батыс Қазақстан облысы – елдегі ірі мұнай өндіруші аймақтардың бірі. Мұнда «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» сияқты алып кәсіпорынжұмыс істейді.

Алайда өңірдің экономикалық дербестігі төмен: көптеген аудандар даму қарқынынан қалып қойған, ал облыс кірісінің 60%-ы республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерге тәуелді. Бұл парадокс мұнайдан түсетін қыруар табыс пен жергілікті халықтың тұрмыс сапасы арасында айтарлықтай алшақтық бар екенін көрсетеді. Толығырақ Sarapshy.info мақаласынан оқыңыздар.

фото: kazservicemag.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«ҚазМұнайГаз» компаниясы «Өзенмұнайгаз» компаниясы Бекет Избастин Екінші ақпарат Ембімұнайгаз Ерлан Ақкенженов Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. Мұнай-газ саласы Тимур Құлыбаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Саясат

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026
Сарапшы пікірі

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

14/09/2026
жаңалық

Парламент вице-спикері жалған ақпарат таратқан депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді

12/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.