Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 11 қазан
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Назарбаева басқарған компания контрабандамен шұғылданған
Дария Ғұмар жаңалық 21/07/2025

Назарбаева басқарған компания контрабандамен шұғылданған

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қытайдан Қазақстанға заңсыз жолмен тауар жеткізіп, жалған шот-фактуралар жасаған компания басшылары сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Group of the Companies TDA» ЖШС-ы 2014 жылы ашылған. Компанияны Әнипа Назарбаева мен Али Клышпаев басқарған.

Әнипа Назарбаева — Нұрсұлтан Назарбаевтың туған қарындасы. Бұрын оның иелігінде Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі мен Алматыдағы «Кенжехан» базары болған.

Агенттік хабарламасында ЖШС елге 100-ден астам тауар контейнерін заңсыз кіргізгені айтылады. Сонымен қатар, компания өз бақылауындағы 10 серіктестік арқылы жалған құжат жасатып, құн салығы мен кедендік төлемдерден жалтарып келген.

Тергеу кезінде жалпы құны 1,3 млрд теңге болатын тауарға шектеу қойылды. Компания мемлекетке 10 млрд теңге көлемінде залал келтірген, яғни корпоративті табыс салығын төлемеген.

Сот үкімімен айыпталушылар 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Аталған іс бойынша тағы бір адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Алматы Әнипа Назарбаева Басты ақпарат кедендік салық контрабанда логистика Назарбаева салық тауар тасымалдау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026
Өте өзекті

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026
Біздің сараптама

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

14/09/2026

Жаңа мақалалар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

Саясат 01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

жаңалық 30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

Өте өзекті 30/09/2026

Неге біз Араб елдері сияқты байып кетпедік?

Біздің сараптама 14/09/2026

«Жүйені қирату үшін 15 минут пен бір жапырақ қағаз жеткілікті»

Сарапшы пікірі 14/09/2026
Сайт мұрағаты
Қазан 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Қыр    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Үндістан мен Қазақстан: технология, инвестиция және жаңа мүмкіндіктер

01/10/2026

БҚО-да жалған компаниялар арзан тарифпен астық экспорттаған

30/09/2026

Күштік құрылымдар қашан сабақ алады?

30/09/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.