Жоғары аудиторлық палата кейбір квазимемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру тетігін тиімсіз деп есептейді. 2026 жылдан бастап Назарбаев университеті және Назарбаев зияткерлік мектептері, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, «Астана» халықаралық қаржы орталығы және басқа бірқатар ұйымға қаражат бөлу тәртібі өзгереді.
Осыған байланысты Бюджеттік кодекстегі кейбір баптар алынып тасталынды. Ендігі уақытта мекемелер қаражатты игерудің нақты жоспарын ұсынуы тиіс. Осыған байланысты заңды тұлғаларға трансферттер беріледі.
«Қолданыстағы механизм мемлекет активтерінің өсуіне ықпал етпейді (заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарының ұлғаюы жоқ) және қаражатты жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етпейді», – деп мәлімеді аудиторлық палата.
Мекемелер стратегиялық құжаттарға сай даму жоспарларының орындалуына байланысты есеп береді.
Жоғары аудиторлық палата былтыр ӘМСҚ жүйесі бойынша медициналық мекемелер қыруар қаржыны ысырап еткенін мәлімдеді. Аудит жүргізілетін кезеңде кепілдендірілген және нысаналы трансферттер шеңберінде бөлінген50 млрд теңгенің 26%-ы игерілмегені анықталды. Сақтандыру қоры қоғам сынына жиі ұшырап келеді.
Одан бөлек Назарбаев университеті 73 млрд теңгені тиімді пайданаланбағаны белгілі болды.
фото: gov.kz