Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 22 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Моноқалалардың даму қарқыны неге баяу? Sarapshy.info талдайды
Нұрсұлтан Ерболатұлы Біздің сараптама 30/01/2025

Моноқалалардың даму қарқыны неге баяу? Sarapshy.info талдайды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Моноқалалар тізімі қысқарып келеді

Қазақстанда екі жыл бұрын 27 моноқала болған. Алайда 2023 жылдың 21 қарашаcында Ұлттық экономика министрлігі жаңадан моноқалалардың тізбесін бекітіп, оларды санын 20 қалаға дейін қысқартты. Ал моноқала мәртебесінен айырылған 7 шағын шаһар бар:

  • Арқалық,
  • Жаңатас,
  • Жезқазған,
  • Қаратау,
  • Саран,
  • Серебрянск,
  • Текелі.

Осыған дейін моноқалаларға жатқызылған бұл елді мекендер экономикалық өзгерістер мен табиғи ресурстардың сарқылуына байланысты өз «мәртебелерінен» айырылған.

20 шағын қала 12 облыс аумағында орналасқан. Қарағанды облысында төрт, Қостанай облысына үш, ал Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Ұлытау облыстарына екі қаладан бар.

Халық саны азаюда

2024 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша моноқалаларда 1,3 млн адам тұрып жатыр. 2019 жылмен салыстырғанда, халық саны 0,4%-ға азайған. Туу көрсеткіші жоғары болғанымен, тұрғындар ірі қалаларға, облыс орталықтарына көшуде.

Теміртау, Екібастұз және Рудный қалаларын мекендейтіндердің саны 100 мыңнан асып кеткен. Дегенмен кейінгі бес жылда осы үш қаланың халқы не өскен жоқ, не кеміген жоқ.

Ал тұрғындар саны 40 мыңға жетпейтін жеті моноқала тізімнің астында орналасты.

Инвестиция көлемі екі есе өсті

Қазақстандағы моноқалаларға инвестиция тарту –  өңірлер дамуының негізгі бағыттарының бірі. Моноқалалар – экономикасы көбінесе бір немесе бірнеше негізгі кәсіпорынға тәуелді шағын қалалар. Инвестицияларды тарту арқылы шағын қалаларда экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жұмыс орындарын құруға және инфрақұрылымды дамытуға болады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2019 жылы 0,6 трлн теңгеден, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1,2 трлн теңгеге дейін өскен. Инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіпке бағытталуда. Соңғы бес жылда Екібастұз қаласында инвестиция көлемі екі есе, ал Жаңаөзен қаласында бес есеге жуық өскен. Алтай мен Хромтау қалаларында инвестиция еселенген. Ал  Ақсу мен Теміртау қалаларында керісінше инвестиция төмендеп кеткен.

Кәсіпкерлікті дамыту – басты мәселе

Қазақстандағы моноқалаларда шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту – олардың экономикалық әртараптандыруы мен тұрақты дамуының маңызды аспектісі. ШОБ халықты жұмыспен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу және жергілікті экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Моноқалалардың көбісі пайдалы қазбаларды өндіру немесе өңдеу секторымен байланысты болғандықтан, ШОБ жергілікті шикізатты пайдалану арқылы өнімділікті  арта алады.

2019 жылы моноқалаларда тіркелген ШОБ саны 73 мың болса, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 100 мыңға жуықтады. 2023 жылы ШОБ-тың үлесі кейбір моноқалалардың экономикасында 20-30%-ға дейін жетті. Үкіметтің қолдауымен шағын кәсіпорындар саны артып, инновациялық және жасыл технологияларға негізделген жаңа жобалар іске қосылып жатыр.

Өндіріс шикізатқа байланған

Қазақстандағы моноқалаларда өндірілген өнім көлемі жалпы ел экономикасының өңірлік ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл қалаларда өнім көлемі көбінесе негізгі салаларға, атап айтқанда, тау-кен өндіру, металлургия, құрылыс материалдары өндірісі және ауыл шаруашылығы өнімдеріне тәуелді.

Теміртау – металлургия өнеркәсібінің орталығы, мұнда «Qarmet» сияқты ірі кәсіпорындар болат өндіреді. Жезқазған және Балқаш – мыс өндіру мен өңдеудегі жетекші қалалар. Рудный – темір рудасын өндірудің маңызды орталығы. Екібастұз – елдегі электр энергиясын өндіретін ірі орталықтардың бірі. Бұл жерде көмір өндіру де маңызды орын алады.

Жұмыссыздық  көрсеткіші жоғары

Жұмыссыздық үлесі республика көлемімен салыстырғанда жоғары болып отыр. Кейбір өңірлерде жұмыссыздық бойынша ресми 4 ға да жетпегенімен жалпы моноқалардағы үлес 5-6 пайызға жетіп отыр. Көптеген моноқалада жаңа салалар дамымаған немесе шағын және орта бизнестің үлесі төмен. Жұмыс күші нарығындағы қажеттіліктер мен халықтың кәсіби дағдылары арасында алшақтық бар.

Үкімет ірі 10 қаланы дамытуға ден қойып отыр

ҚР Үкіметінің қаулыларымен Жаңатас, Қаратау және Риддер қалаларын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарлары бекітілді. 2027 жылға дейін Қазақстанда 10 моноқаланы дамытуға 1,7 трлн теңге жұмсалмақ.

Осылайша, 10 моноқаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша нақты мақсаттар белгіленген. Бұған дейін Министрлер кабинеті Алтай, Арқалық, Балқаш, Жітіқара, Лисаковск, Серебрянск және Степногорск қалалары бойынша кешенді жоспарлар қабылдаған еді.

10 кешенді жоспар аясында мына салалар бойынша іс-шараларды іске асыру көзделген:

  • денсаулық сақтау,
  • білім беру,
  • спорт,
  • инженерлік инфрақұрылым,
  • шағын және орта бизнес,
  • агроөнеркәсіптік кешен нысандарын салу және жөндеу,
  • заманауи жабдықтарды сатып алу.

Осы мақсаттарға 1,7 трлн теңге жоспарланған.

Қазақстандағы моноқалалардың баяу дамуының негізгі себептері олардың бір салалы экономикасына, шектеулі инфрақұрылымына және халық санының аздығына байланысты. Бұл қалалар негізінен бір немесе бірнеше ірі кәсіпорынға тәуелді, ал ол кәсіпорындардың экономикалық жағдайы мен бәсекеге қабілеттілігі қаланың дамуын айқындайды.

 Моноқалалардың дамуы үшін не істеу керек?

Моноқалалардың дамуын жеделдету үшін мына шараларды іске асыру маңызды:

  • экономиканы әртараптандыру,
  • шағын және орта бизнесті қолдау,
  • инфрақұрылымды жаңғырту,
  • инвестиция тарту,
  • халықты кәсіпке баулу;
  • әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.

Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау бағдарламалары, мысалы, «Өңірлерді дамыту» және «Бизнестің жол картасы», моноқалаларды дамытуда маңызды рөл атқарады. Егер бұл шаралар тиімді жүзеге асырылса, моноқалалар экономиканың маңызды тірегіне айналуы мүмкін.

Егер экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңарту және жұмыс орындарын ашу бойынша шаралар толыққанды іске асырылса, моноқалалар тұрақты даму траекториясына түсіп, өңірлік экономиканың маңызды тірегіне айнала алады.

Нұрсұлтан Ерболатұлы

сурет: gov.kz

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
Қала халқы моноқала Үшінші ақпарат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025
Экономика

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025
жаңалық

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

17/04/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.