Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 2 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Моноқалалар тағдыры табиғи ресрустарға тәуелді
Наргиза Ерес sarapshy.info 05/02/2025

Моноқалалар тағдыры табиғи ресрустарға тәуелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің 40%-дан астамы моноқалаларға тиесілі. Яғни экономикасы негізінен табиғи ресурстарды өндіру және өңдеуге тәуелді елді мекендер.

Ресурстарға сүйену қалалардың дамуына серпін бергенімен, уақыт өте келе негізгі қауіп факторына айналды деп жазады Data Hub. Шикізаттың таусылуға жақындағаны моноқалардың болашағына әсер етеді дейді.

Қазақстандағы тау-кен және металлургия саласы дамыған аймақтарда ірі өндіріс орындары бар. Заң бойынша егер бір кәсіпорын қаладағы өндірістің 14%-дан астамын қамтамасыз етсе немесе халықтың 14%-дан астамын жұмыспен қамтыса, ол қала құраушы кәсіпорын деп саналады. Ал моноқала мәртебесін алу үшін бұл көрсеткіштердің кем дегенде бірі 20%-дан жоғары болуы керек. Мысалы, Павлодар, Атырау, Өскемен сияқты облыс орталықтары да осы талаптарға сай келеді. Бірақ моноқалаларда экономика түгелдей осы кәсіпорындарға тәуелді болғандықтан, ондағы халықтың тұрмысы мен жұмыс орындары тек осы зауыттар мен кен орындарына байланысты.

Қазақстандағы 20 моноқала елдің өнеркәсіп өндірісінің 40%-ына тиесілі, бірақ бұл есептеу әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін. Кейбір қала құраушы кәсіпорындар қаланың ішінде емес, оның маңында орналасқан. Мысалы, Ақсай, Құлсары және Жаңаөзен қалаларына жақын Қарашығанақ, Теңіз және Өзен кен орындары мұнай өндіреді. Бұл кен орындары Қазақстан экономикасына үлкен әсер етіп, елдегі мұнайдың жартысынан астамын береді, ал мұнай экспорты республикалық бюджеттің басты табыс көзі саналады.

Еңбекақы мөлшері

Моноқалалардың тұрғындары аз жалақы алады деген стереотип бар. Алайда іс жүзінде бұл толықтай дұрыс емес. 2023 жылдың қорытындысы бойынша, 20 моноқаланың 12-сінде орташа айлық жалақы республикалық орташа деңгейден (329 мың теңге, шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) жоғары болды. Жалақы мөлшері көбінесе өнеркәсіп өндірісінің көлемімен байланысты: өндіріс көп болған жерде жалақы жоғары, аз болған жерде – төмен.

Сондықтан мұнай өндіретін моноқалалардағы жоғары жалақы таңқаларлық емес. Жаңаөзенде – 750 мың теңге, Құлсарыда – 682 мың теңге, Ақсайда – 530 мың теңге. Сол сияқты, өнеркәсіп өндірісі аз қалаларда жалақы деңгейі де төмен: Алтай, Курчатов, Лисаковск, Жітіқара және Кентау тұрғындарының табысы салыстырмалы түрде төмен.

Сәтбаев пен Шахтинск қалаларында жалақы жоғары – 576 мың және 423 мың теңге, бірақ бұл қалаларда өндіріс көлемі аз. Себебі, оларда өндірілген шикізат басқа қалаларға жіберіліп, сол жақта өңделеді. Сондықтан бұл қалалардың өнеркәсіп көрсеткіштері ресми сандарда толық көрінбейді. Сонымен қатар, мұнда кен жабық әдіспен өндіріледі, ал бұл қауіпті жұмыс болғандықтан, жалақы да жоғары болады.

Керісінше, Теміртау мен Степногорскіде өндіріс көлемі жоғары, бірақ жалақы орташа деңгейден төмен – 291 мың теңге. Бұл қалаларда өнеркәсіп жақсы дамығанына қарамастан, қызметкерлердің еңбекақысы елдегі орташа көрсеткішке жетпейді. Неге бұлай болып отырғаны белгісіз.

Моноқала ұғымы қалай пайда болды?

Жаңа қалалар табиғи түрде емес, зауыттар мен кен орындары ашылған жерлерде, көбіне алыс және өмір сүруге қолайсыз аймақтарда салынды. Бұл қалалар толықтай сол өндірістерге тәуелді болды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де олар осы тәуелділіктен арыла алмады, сондықтан ресми түрде моноқала деп аталды.

Моноқалалардың жеке тізімі алғаш рет 2012 жылы жасалды. Бұл тізімге Абай, Саран, Шахтинск, Екібастұз, Ақсай, Құлсары, Жаңаөзен, Арқалық, Балқаш, Алтай, Қаражал, Кентау, Лисаковск, Риддер, Рудный, Текелі, Хромтау, Жаңатас, Қаратау, Жітіқара, Серебрянск, Степногорск, Ақсу, Жезқазған, Сәтбаев, Теміртау, Курчатов кірді. Барлығы – 27 қала. 2023 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ресми түрде 20 моноқала бар.

Сондай-ақ мақалада моноқалалар КСРО-ның жоспарлы экономикасына қажетті жерлерде құрылғаны жазылған. Сондықтан алғашқылардың бірі болып Алтай, Риддер, Балқаш және Жезқазған қала мәртебесін алды. Бұл жерлерде мырыш, қорғасын, мыс сияқты пайдалы қазбалар көп болған. Сонымен қатар Теміртау да ерте қалыптасқан моноқалалардың бірі, өйткені оның тарихы болат өндірумен тығыз байланысты.

Моноқалалардың қазіргі мәселесі қандай?

Экономикалық тәуелділік. Моноқалалардың экономикасы бір салаға немесе кәсіпорынға тәуелді болғандықтан, бұл олардың тұрақтылығына қауіп төндіреді. Қала құраушы кәсіпорындардың жұмысы тоқтаған жағдайда, бүкіл қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлайды.

Ресурстардың сарқылуы. Кейбір моноқалаларда пайдалы қазбалардың қоры азайып, бұл өндірістің тоқтауына және жұмыссыздықтың өсуіне әкелуі мүмкін. Шағын қалаларда жұмыс істейтін азаматтар маусымдық кестемен жұмыс істейді.

Әлеуметтік мәселелер. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, халықтың табысының төмендігі және әлеуметтік инфрақұрылымның нашарлығы моноқалаларда кең таралған мәселелердің қатарында. Бұл факторлар халықтың ірі қалаларға көшуіне себеп болады.

Инфрақұрылымның тозуы. Инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың ескіруі, сондай-ақ экологиялық мәселелер моноқалалардың дамуын тежейді. Бұл жағдайлар тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсер етеді.

Осыған дейін Sarapshy.info редакциясы «Моноқалалардың даму қарқыны неге баяу» тақырыбында сараптамалық мақала жариялаған болатын.

Мақалада халық санының азаюы, инвестиция тартудағы қиындықтар, шағын және орта бизнестің жеткіліксіз дамуы, сондай-ақ өндірістің шикізатқа тәуелділігі көрсетілген. Бұл факторлар моноқалалардың экономикалық әртараптандыруына және тұрақты дамуына кедергі келтіруде.

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ақсай әлеуметтік мәселелер Балқаш Жезқазған жұмыссыздық Инфрақұрылым моноқала өңдеу табиғи ресурстарды өндіру
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.