Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Митинг өткізуге рұқсат бермеген Орал қаласы әкімдігін сот айыптады
Наргиза Ерес жаңалық 18/03/2025

Митинг өткізуге рұқсат бермеген Орал қаласы әкімдігін сот айыптады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы Орал қаласы әкімдігінің митинг өткізуге рұқсат бермеу туралы қаулысын заңсыз деп таныды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласының әкіміне қарсы талап-арызды былтыр 10 тамызда азаматтық белсенді Марат Тұрымбетов пен Ренат Нұрымов берген. Олар бұл митингте утилизациялық алым мен автокөліктердің бастапқы тіркеуін алып тастауды талап еткісі келген. Алайда әкімдік белсенділер ұсынған орындарды да мақұлдамай, митинг өткізуге қарсы болған. 

Облыстық сот әкімдіктің митинг өткізуге рұқсат бермей, ешқандай себеп түсіндірмегенін, басқа орын немесе уақыт ұсынбағанын және ұйымдастырушымен келісіп шешім қабылдамағанын анықтады. Осыған байланысты сот Орал әкімін бір ай ішінде бұл заң бұзушылықтарды түзетуге міндеттеді.

«Орал апталығы» басылымының мәліметінше,  Марат Тұрымбетов тағы 12 рет митинг өткізуге рұқсат сұрап, әкімдікке өтініш берген. Ол әкімдіктің барлық өтініштен бас тартуын заңсыз деп сотқа жүгінуге мәжбүр болған. Оралдың әкімшілік соты оның талап-арызын қанағаттандырмаған. Дегенмен, 6 наурызда облыстық сот апелляциялық шағымды қарап, әкімдіктің әрекетін заңға қайшы деп таныған. 

Белсенді Марат Тұрымбетовтың айтуынша, облыстық соттың шешімі азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды қадам болды. Енді әкімдік митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартса, міндетті түрде себебін түсіндіріп, басқа орын мен уақыт ұсынуы керек. Олар сәуір айының соңында, су тасқыны аяқталған соң митинг өткізуді жоспарлап отыр. 

Осыған дейін наурыз айының басында митинг өткізуге рұқсат бермегені үшін ШҚО әкімі кінәлі деп танылған болатын. 

Сурет: Journalist.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Батыс Қазақстан облыстық соты БҚО Марат Тұрымбетов митинг Орал Орал қаласы әкімдігі Сот
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.