Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 19 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Министр Саясат Нұрбек: «Орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөлінеді. Бұл — көп емес»
Наргиза Ерес sarapshy.info 20/11/2024

Министр Саясат Нұрбек: «Орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөлінеді. Бұл — көп емес»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен халықаралық  орыс тілі ұйымын құру идеясы бір жыл бұрын мақұлданып, Ресей Президенті Путин бұл идеяны қолдайтынын айтқан еді. Бүгін, 20 қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында 84 депутаттың 82-сі мемлекет басшысының идеясын қолдап оң дауыс берді, 1 адам қарсы, 1 депутат қалыс қалды.

Бұл ұйымның неге керек екенін министр мен депутаттар түсіндірді:

«Бұл — халықаралық ойын. Негізгі мақсаты — орыс тілін халықаралық сахнада іргелету. Қазір депутаттар қолдап, радивикациядан өткізді. Ресми процедура біткеннен кейін, заңға президент қол қойғаннан соң, 6 елдің министрлері жиналып, ұйымның қалай жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдайды. Келесі жылдың басында негізгі шаралар басталады. Әр мемлекет ұйым бюджетіне қаржы құяды. Қазақстан бөлетін қаржы – 43 млн теңге. Бұл — көп емес», – дейді министр Саясат Нұрбек. 

Осы тұста мәжіліс депутаты Айдос Сарым қазақ тілінің аясы кең емес екенін айтады:

«Бүгін біз қабылдайын деп отырған шешім өзіміздің мемлекеттік тіліміз бен руханиятымызды төмендету деген сөз емес. Қазақ тілі мықты, бай дегенімізбен оның нарығы аса кең емес. Қалай десек те өзімізді дүниежүзіне таныту үшін әлем тұтынатын 6 тілдің біріне емес, бәріне арқа сүйеп, сол нарықтар арқылы әлемге шығатын боламыз». 

Ал мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи “Балабақшадан бастап, Ақордаға дейін біз орыстың тіліне зерекпіз”, — дейді. 

«Бұл — ратификациялық заң жобасы, орыс тілі мәселесінен бұрын елдің сыртқы саясатын күйіттейтін құжат деп қабылдау керек. Осы мәселемен айналысатын құзырлы органның қоғамға мәймөңке сөз, құрғақ дидактика айтуының қажеті жоқ. Біз қоғамға турасын айтуымыз керек. Қазіргі теңселіп тұрған геосаяси жағдайда ҚР Президентінің Сыртқы дипломатиялық саясаты тұрғысынан түсіндірген абзал», — деді Бапи.

2023 жылы 13 қазанда Бішкек қаласында өткен ТМД мемлекеттері басшыларының саммитінде орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру туралы шартқа қол қойылды. Осы саммитте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан қазақ тілінің мәртебесін күшейту саясатын жалғастыра береді», — деп мәлімде жасады.

Айта кетейік, халықаралық ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан елдері мүше.

Сурет: gov.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Ермұрат Бапи Қазақ тілі Орыс тілі Путин Ресей Халықаралық ұйымдар
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026
жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.