Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 8 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Кірістер комитеті блогерлер салығын қайтадан есептейді
Наргиза Ерес sarapshy.info 21/02/2025

Кірістер комитеті блогерлер салығын қайтадан есептейді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың 19 ақпанында 93 блогерге жалпы 9,8 миллиард теңге мөлшерінде салық төлеу керектігін ескерткен. Бүгін комитет бұл хабарламаларды қайтарып алды.

Хабарламаны қайтарып алу себебін “техникалық ақаудан” деп түсіндірді. Техникалық ақау түзетілгеннен кейін, сол 93 блогерге жаңа хабарлама жолдайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті 594 блогерге 53,3 млрд теңге төлеу жөнінде хабарламалар жіберген. Блогерлер мен инфлюенсерлердің салық төлемегені жөніндегі ақпаратты қоғам қызу талқылады.

Комитет әлеуметтік желі қолданушыларының 2022-2023 жылдар аралығындағы кіріс есебін дұрыс көрсетпегенін мәлімдеді. Яғни салық декларациясындағы деректермен сәйкес емес.

Блогерлер наразы

Әлеуметтік желілерде салық төлемеген блогерлер тізімі деп көрсетілген құжат көшірмесі тарады. Өз кезегінде блогерлер мен елге танымал адамдар салық органдарының есебі шындыққа жанаспайтынын айтып, әлеуметтік желілердегі парақшаларында ақтала бастады. Олардың кейбірі жеке деректерінің таралып кеткеніне наразылық білдірді.

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кейінгі 5-6 жылда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салық мөлшерін төлеп жүргенін айтты. Журналистің уәжі бойынша оның банк шоттарындағы қаржы айналымы салық органдары жариялаған сандарға сәйкес келмейді. 

Блогер әрі саяхатшы Өркен Кенжебек Салық кодексіне сүйене отырып, ресми хат дайындап жатқанын, осы уақытқа дейін шоттары жабылып, ескерту алмағанын айтады. Оның сөзінше, салық органдары барлық ақша қозғалысын табыс деп қарастырған. 

Қаражат айналымының заңды екенін дәлелдейді

Салық комитеті әлеуметтік желілерде 20 000-нан астам жазылушысы бар инфлюенсерлерді бақылауға алып, олардың контентінде кәсіпкерлік нышанның бар-жоғын тексерген. Бұл жөнінде аталған комитеттің жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы түсіндірді.

Орган 2022-2023 жылдардың есебін тексерген. Сарапшы камералды бақылау блогерлерге ғана емес, кәсіпкер ретінде табыс табуды көздейтін және табыс мөлшерін дұрыс көрсетпейтін жеке тұлғаларға қатысты жүргізілетінін айтты. Қадағалау жұмысы үздіксіз жүргізіледі және салық декларациясы мен жалпыға бірдей декларация шеңберінде орындалады. Негізгі мақсат — көлеңкелі экономиканы жою және салық төлеу тәртібін күшейту.

Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, блогерлер кірістің кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде түспегенін (мысалы, пәтер сату, ата-анадан алынған қаражат, қайырымдылық немесе жеке мүлік сатудан түскен табыс) дәлелдейтін құжаттары болса, салық міндеттемесінен босатылады.

 

 

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
594 блогер 93 блогер блогер блогерлер салығы Қаржы министрлігі Ләйлә Сұлтанқызы Мемлекеттік кірістер комитеті Өркен Кенжебек салық комитеті
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

«Медсақтандыру қаражаты азайып, емханаларда кезек көбейді» — депутат

27/03/2025
sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025

Жаңа мақалалар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.