Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 9 тамыз
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Маңғыстауда азық-түлікті қымбатқа сатқан кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Наргиза Ерес sarapshy.info 12/12/2024

Маңғыстауда азық-түлікті қымбатқа сатқан кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Маңғыстаудағы «ProArt2017» ЖШС күріш пен қарақұмықты арзанға сатып алып, кәсіпкерлерге үстеме ақымен өткізген. ҚР Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті (ӘМАТ) жоғары бағамен сатқанын заңсыз деп есептейді.

«Тексеру барысында «ProArt2017» ЖШС-ның бірнеше мәрте заң бұзғаны  анықталды. 2024 жылдың 12-15 қаңтары аралығында кәсіпорын «Dina Market» ЖШС-нан 5 кг күрішті 2703,57 теңгеге сатып алып, кейін оны «Нефтегазстрой» ЖШС-на 3437,5 теңгеге сатқан. Осылайша  рұқсат етілген сауда үстемесі нормасынан 27% асып кеткен.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 4-15 қаңтары аралығында «ProArt2017» ЖШС «АНВАР» ЖШС-нан 200 кг қарақұмықты келісін  237 теңгеден сатып алып, оны «Мұнайгазстрой» ЖШС-на келісін 298,9 теңгеден сатқан. Мұндағы сауда үстемесі 26%-ды құрайды», – делінген хабарламада.

Шек – 15%

ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемесі өндірушінің немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспауы тиіс. Заң бұзғаны үшін «ProArt2017» ЖШС-на қатысты әкімшілік іс қозғалып, ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сөредегі баға түрбіртекпен сәйкес емес

Сондай-ақ, дүкен сөрелеріндегі бағалар мен кассалардағы нақты бағалар арасындағы айырмашылықтар жиі кездескен. Мәселен,

  • «Анвар» гипермаркеті. 2024 жылдың 27 қарашасында Ақтау қаласындағы дүкенде қырыққабаттың бағасы сөреде 159 теңге, ал кассада 237 теңге болған. Дүкенге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 193-бабының 5-бөлігі бойынша 369 200 теңге айыппұл салынды.
  • «Алтын фуд» супермаркеті. 2024 жылдың 17 қарашасында «Borjomi» минералды суының сөредегі бағасы 440 теңге болғанымен, кассада 629 теңгеден сатылғаны анықталды. Супермаркетке ҚР ӘҚБК-нің 193-бабының 4-бөлігі бойынша 55 380 теңге айыппұл салынды.

2024 жылы сауда субъектілеріне қатысты 134 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 112 нысанға ескерту жасалып, 13 кәсіпкер айыппұл төледі. Департамент кәсіпкерлерді тауарлардың бағаларының жоқтығына немесе дүкен сөрелері мен касса бағалары арасындағы айырмашылыққа қатысты қатаң бақылау жүргізуді жалғастырады.

Сурет: pexels.com

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі.

    Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Dina Market» «ProArt2017» ЖШС «Алтын фуд» супермаркеті «Анвар» гипермаркеті «Мұнайгазстрой» ЖШС азық-түлікті қымбатқа сатқан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026
жаңалық

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026
жаңалық

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Жаңа мақалалар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

Біздің сараптама 24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

жаңалық 31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

жаңалық 30/05/2026

Қазақстан авиациядағы кадр тапшылығын қалай шешпек?

Біздің сараптама 12/05/2026

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026
Сайт мұрағаты
Тамыз 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  
« Мау    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Агрессор психологиясы және Қазақстандағы оңалту жүйесінің олқылықтары

24/06/2026

БҚО-да жоғалған балалар саны екі есе артты

31/05/2026

Қазақстанда амнистия аясында 17 млрд теңге айыппұл кешірілуі мүмкін

30/05/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.