Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ұлттық қордан валютаны сату теңгенің тұрақтылығына әсер ете ме?
Наргиза Ерес sarapshy.info 06/01/2025

Ұлттық қордан валютаны сату теңгенің тұрақтылығына әсер ете ме?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылы ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, жылдың басынан соңына дейін 15,5%-ға, яғни 525,11 теңгеге дейін төмендеді. Теңгенің дәл осылай күрт әлсіреуі соңғы рет 2019 жылы тіркелген (15,6%). Data Hub аналитикалық арнасы теңгенің 2024 жылдағы құбылмалы жағдайына талдау жасады.

«2024 жылдың алғашқы үш айында теңге бағамы бір доллар үшін 450 теңге белгісінің айналасында ауытқып, айтарлықтай тұрақты болып қалды. Содан кейін ұлттық валюта айтарлықтай қымбаттай бастады және мамыр айының ортасына қарай бір жылдан астам уақыт ішіндегі максимумына жетті (439,4 теңге)», — деп көрсетілген хабарламада.

Теңгенің сол сәтте нығаюы республикалық бюджетке қажет ақшаны (трансферттерді) беру үшін Ұлттық қордан көп мөлшерде шетел валютасы сатылуымен байланысты болды. Ал маусым айында Ұлттық қордан валютаны сату азайғаннан кейін теңге әлсірей түсті.

Жаздың ортасында «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алу мәмілесіне байланысты шетел валютасы сатылды. Ұлттық қордан шетел валютасын сату қайта басталды. Бұл әрекеттер теңгенің бағамын уақытша қолдап тұрды. Бірақ қолдаулар ұзаққа созылмады. Теңге бұрынғыдай тұрақтылығын жоғалтып, әлсірей берді.

Қараша айында жағдай күрделене түсті. Ұлттық банк теңгені қолдау үшін 1,05 миллиард доллар көлемінде валюталық интервенция жасады. Бұл дегеніміз Ұлттық банк шетел валютасын сатып алып, оны нарыққа сатты. Бұл әрекет сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен, әсіресе әлемдік деңгейде доллардың нығаюы мен валюта нарығындағы теңгерімсіздік себебінен жасалғанын түсіндірді.

Қараша айының соңына қарай теңгенің бағамы бір доллар үшін 513 теңгеге жетті.

Желтоқсан айында Ұлттық банк $307,6 млн көлемінде қосымша валюталық интервенция жасады. Сонымен қатар Ұлттық қордан $900 млн көлемінде валюта сатылды. Осыған қарамастан теңге бағамы ай соңына қарай тағы 2,7%-ға әлсіреді. Жыл қорытындысы бойынша теңгенің жалпы әлсіреуі 15,5%-ға жетіп, бұл соңғы алты жылдағы ең жоғары көрсеткіш болды.

2025 жылы қаңтар айында Ұлттық қордан валютаны сату салыстырмалы түрде жоғары деңгейде – $750 млн-нан 8 850 млн-ға дейін болжанады, ал БЖЗҚ-да валютаны сатып алу жоспарланбайды.  Data Hub арнасы бұл шешім теңгенің тұрақтылығына көмектесе ме, жоқ па деген сауалдың жауабын уақыт көрсететеді дейді.

 

Сурет: Pixabay.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
БЖЗҚ интервенция Теңге бағамы Ұлттық Банк ұлттық валюта Ұлттық қор шетел валютасын сату
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025
sarapshy.info

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

03/07/2025
жаңалық

БҚО-да 460 мың киік ауланады

03/07/2025

Жаңа мақалалар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

sarapshy.info 04/07/2025

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

sarapshy.info 03/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.