Биыл Ұлттық қордан әр балаға 129,38 АҚШ доллары бөлінді. Қазақстан Ұлттық Банкі «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында 18 жасқа дейінгі балалардың есепшоттарына кезекті төлем аударылғанын хабарлады.
Ұлттық банктің мәліметінше, барлық қатысушыға 888,8 миллион АҚШ доллары төленген. 2024 жылдың соңында бағдарламаға 6,9 миллионнан астам бала қатысқан.
Бағдарлама бойынша алғашқы төлемдер 2024 жылы жасалды. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары аударылған болатын. Екі жыл ішінде әр баланың есепшотында 232,94 АҚШ доллары жиналды.
Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы осы төлемдерге аударылады. Балалардың шотына түскен қаражат 18 жасқа дейін сақталады.
2025 жылғы 31 қаңтардан бастап, төлем туралы ақпаратты eGov mobile қосымшасынан немесе kids.enpf.kz сайтынан білуге болады.
Сурет: inbusiness.kz