Елде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізбесі 33 тағамға дейін кеңейтілуі мүмкін. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі «Ашық НҚА» порталында жариялаған құжаттан белгілі болды.
Жобаға сәйкес, қазіргі 19 атаудан тұратын тізімге 14 азық-түлік түрі қосылады. Олардың ішінде қызанақ, қияр, алма, әртүрлі санаттағы сиыр еті, тартылған ет, қой еті, салқындатылған және мұздатылған балық түрлері, ультрапастерленген сүт, қаймақ, қатты ірімшік және қара шай сияқты өнімдер бар. Әр өнім кәсіпкерлер палатасымен және мемлекеттік органдармен қосымша талқыланады.
Тізімге енгізілген тауар өндірушілері сауда желілеріне сыйақы төлеуден босатылады, бұл өнімнің түпкілікті бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.
Айта кетейік, жуырда БҚО-да әлеуметтік маңызы бар тауарлар санатындағы аз тұзының тапшылығы анықталды.
фото: freepik.com

